Гэвин Слеид

Департамент
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі, Әлеуметтану және антропология
Лауазымы
Қауымдастырылған профессор
Электр. пошта
gavin.slade@nu.edu.kz

Гэвин Слеид әлеуметтану жөніндегі қауымдастырылған профессор болып табылады. Ол Оксфордта криминология бойынша докторлық дәреже алды, бұдан бұрын Торонто университетінде, Берлиннің Еркін университетінде және Глазго Университетінде жұмыс істеді. Ол түрмелерге, полиция қызметіне және ұйымдасқан қылмысқа ерекше назар аудара отырып,  бұрынғы Кеңес Одағындағы қылмыстық сот төрелігі мәселелерімен айналысады.  Неміс зерттеу қоры мен Еуропалық комиссия қаржыландырған оның соңғы жобасы Грузия, Молдова, Литва және Қырғызстан елдерін салыстыра отырып, кеңес одағынан кейінгі түрмелер жүйесіндегі зорлық-зомбылық пен дауларды тудыратын қылмыстық құқық саласындағы реформаларға  салыстырмалы практикалық талдауды қамтиды. Слеид  Ұлыбританиядағы Экономикалық және әлеуметтік зерттеулер кеңесі қаржыландырған, 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін іске қосылған «ГУЛАГ-тың көлеңкесінде: бұрынғы Кеңес Одағында түрмелерді құру, пайдалану және қабылдау» атты жаңа жобаның басты зерттеушісі болып табылады. Жобада Ресей мен Қазақстанда әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси үдерістер арқылы түрмеге қамау практикасының қалай қалпына келтірілетінін көрсету үшін криминологиялық теория қолданылған. Слеид Еуропа Кеңесінде, «Ашық Қоғам» қорында және Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасында жұмыс істеді.