Дэвид Мун

Департамент
Тарих, философия және дінтану, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
Лауазымы
Профессор
Электр. пошта
david.moon@nu.edu.kz
Телефон
+7(7172)705898

Дэвид Ұлыбританияның Ньюкасл және Бирмингем университеттерінде  КСРО кезеңінде Ленинград мемлекеттік университетінде Ресей  және Шығыс Еуропаны зерттеу бойынша  тарихшы және маман ретінде білім алды. Ол АҚШ-тың Техас, Остин, Ньюкас, Глазгоның  Стратклайд, Дарем және Ұлы Британияның Йорк  университеттерінде тарихты зерделеді. Бұдан басқа ол Дондағы Ростовтың Оңтүстік Федералдық Университетін және Принстондағы Перспективалық зерттеулар институтын қоса алғанда, Ресей Федерациясы мен Құрама Штаттардың  бірнеше институттарында шақырылған зерттеуші болды.

Дэвид зерттеулерінің негіз бағыты – Ресей, Украина, Еуразия, Солтүстік Америка және трансұлттық экология тарихы. Бүкіл Украина, Ресей және Қазақстан  өңірінде жатқан еуразиялық дала оны  ерекше қызықтырады. 1870-1930 жылдар кезеңіндегі Құрама Штаттардың Ұлы Жазығы даласынан өсімдікті қайта отырғызу, егіншілік, ауылшаруашылық ғылымдары мен техникасы туралы кітабын аяқтауға таяу. Ол сондай-ақ Соловки мен Байкал көлдерін қоса алғанда, экскурсияларға негізделген экология тарихына арналған эсселер жинағының бірлескен редакторы болып табылады. Бұл екі жобаны да Leverhulme Trust  Қоры қаржыландырды. Оның соңғы кітабы 2013 жылы Алека Нова сыйлығымен марапатталған далалық өңірдің экологиялық тарихы болды. Бұған дейін ол Ресей империясындағы шаруалар мен крепостнойлық құқық тарихы бойынша жұмыс істеді. Давидтің жарияланымдары ағылшын тілінде , сондай-ақ орыс және украин тілдерінде тұрақты түрде мақала жазатынын мақтан етеді.