Оқытушылар мен қызметкерлерге

COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналау жайында

2021 жылғы 11 ақпанда Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаменті НУ оқытушылары мен қызметкерлері үшін covid-19 вакцинациясы мәселелері бойынша 1-ші ақпараттық сессия өткізді. Сессия қорытындысы бойынша кейбір сұрақтар мен жауаптар нақтыланды, сондай-ақ вакцинацияға тіркелу үшін сілтеме ұсынылды. Енді НУ оқытушылары мен қызметкерлері презентацияға қол жеткізе алады және вакцинацияға онлайн тіркеле алады.

Үйден жұмыс істеу тәртібі

NU үйден жұмыс істеу (WFH) қағидаларын ұстануды жалғастыруда. Декандар мен Директорлар кеңселердегі, аудиториялардағы және зертханалардағы адамдар санының әрдайым 30%-ға дейін шектелуін қамтамасыз ету және физикалық арақашықтықтың (минимум 2 м) сақталуын қамтамасыз ету үшін режимнің сақталуын бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған салаларда жұмыс істеуді жоспарлайтын кез-келген адамға соңғы 14 күн ішінде жарамды RT-PCR тесті және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі қажет болады. 30 минутқа созылатын қысқа сапарлар (мысалы, жұмыс столындағы заттарды алып кету үшін) декандар, вице-президенттер мақұлдауымен және біздің қауіпсіздік қызметіне хабарлау арқылы мүмкін.

Кеңселер толтырылымы және кеңсеге кіру мүмкіндігі

Мүмкіндігінше жұмысыңызды үйден жасаңыз. Толтырылым 10% дейін

Кеңседен жұмыс істеуге рұқсат

Уәкілетті адамдар үшін 3 сағатпен шектелген, жұмыс істеу уақыты кезектесіп отыруы қажет және мүмкіндігінше басқа адамдармен байланыстардан қашық болыңыз

Кампуста рұқсат етілетін жұмыс

Тек техникалық қызмет көрсету және қажетті қызметтер мен операциялар

COVID-ке тестілеу және скрининг (бекітілген хаттама бойынша)

7 күн сайын тестілеу, кезектесіп жасалатын антигенге экспресс-тест / растау қажет болса ПТР, және ПТР

Шетелге сапар

Халықаралық ынтымақтастық департаменті (DIC) рейстер туралы ақпаратты NU веб-сайтында жаңартады:

https://nu.edu.kz/about-nazarbayev-university/international-cooperation/information-for-international-faculty-and-students

Егер сіз шетелге сапар жоспарласаңыз, үкімет, авиакомпаниялар мен әуежайлардан ақпараттарды мұқият қадағалауыңыз керек, өйткені жағдай тез өзгеріп отырады. Жалпы ақпарат үшін және шамамен (яғни толық емес) ақпарат алу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз:

https://drive.google.com/file/d/1F4MTtqkxu1HESVlVTfKPnU3P1GzugDnA/view?ts=5f4a3529

Егер сіз шетелде сапарда жүрсеңіз, әуе компанияларынан және баратын елдерден ұшаққа отыру және мемлекетке кіру талаптарымен танысыңыз.

Біздің халықаралық оқытушылар мен қызметкерлер үшін - өзіңізбен бірге келесі құжаттардың баспасын ала келіңіз:

  • NU өзінің халықаралық өызметкерлеріне және отбасыларына COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға кіріп-шығуына мүмкіндік бере алатын мекеме екенін растайтын мемлекеттік құжаттар  - бұл ескерту; Өткен жылы DIC барлықтарыңызға PDF көшірмесін жіберді.
  • Жаңа - NU бланкісіндегі сіздің NU-де жұмыс істейтіндігіңізді және Қазақстанға, отбасыңызбен бірге,  кіруге құқығыңызды растайтын хаттың көшірмесі. Бұл хатты NU Адами капиталды дамыту департаменті (DHCD) береді. Егер сізге берілмеген болса, көшірмесін сұрауды ұмытпаңыз.

Көптеген елдерде COVID-19 жағдайларының өсуімен рейстерге қайта шектеу қойылды. Жаңа COVID-19 штаммының қолданыстағы негізгі штамға қарағанда әлдеқайда жұқпалы екендігі дәлелденгендіктен, жаңа шектеулер қолданылуы мүмкін. Авиакомпаниялар рейске отырғызар алдында ПТР тестінің тесіс нәтижесін көрсетуді талап етеді, және көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан, осындай талаптарды қабылдады - қазіргі уақытта Қазақстанға кіруге рұқсат алу үшін саяхатшылар елге келерден 72 сағат бұрын уақыт аралығында өткізілген ПТР сынағының теріс сертификатын ұсынуы керек. ПТР тесттеріне елдер әртүрлі уақыт шектерін белгілейтінін ескеріңіз, олар пандемияның ауырлығына байланысты өзгеруі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін жоғарыдағы ДСТҚД веб-парағын қараңыз.

Оқытушылар үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментінің кезекті еңбек демалысын ауыстыру туралы электрондық хатына жүгініңіз. Барлық сұрақтар бойынша DIC-ге хабарласыңыз.

Келесі веб-сайтқа жиі кіріп отырыңыз:

https://beta.egov.kz/memleket/entities/kkkbtu?lang=en

Сенімді деректерді Джонс Хопкинс Университетінің веб-сайтынан да көруге болады:

https://coronavirus.jhu.edu/map.html