Кампустағы өмір

Студенттер жатақханасының жұмыс тәртәбі

COVID-ке жиі тестілулер мен скринингтер (бекітілген хаттамаға сәйкес). Ортақ бөлмелерде жиналуға болмайды. Келушілерге кіруге рұқсат жоқ.

Тұрғын үйдің жұмыс тәртібі

Медицина мамандарын қоспағанда (теріс ПТР және соңғы 2 аптада шетелге шығу тарихы жоқ), сырттан келушілерге кіруге тыйым салынады; соның ішінде сіз бала күтушілерді шақыра алмайсыз.

Кампусқа кіруге рұқсат

Кампус тұрғандарына жұмыс уақыты шектеулі, оқытушылардың, қызметкерлердің және сыртқы келушілердің бекітілген тізімі, технопарк резиденттерін қоса алғанда (ПТР-ға теріс тест нәтижесі міндетті).

7.00 – 22.00. Деканның немесе бөлімше басшысының мақұлдауымен кеңселерге 30 минутқа дейін бір реттік кіру.

Карантиндік талаптар

Кампусқа алғаш рет келетін және / немесе шетелден келетін кампус тұрғындары үшін міндетті карантин.

Кампустағы жеткізу қызметтері

Рұқсат етілген тамақ өнімдері, фармацевтикалық препараттар (дәрі-дәрмектер) және ресми таксилер (тек қыста).

Кампустағы қызметтер

Жұмыс уақыты шектеулі медициналық орталық (UHC), дәріхана, азық-түлік дүкендері және дүкеннен азық-түлік жеткізу.

 

NU кампусындағы карантиндік хаттамалар келесі міндетті шаралармен 8 күнге дейін қысқартылды:

  • кампус тұрғындары үшін (студенттер емес): ПТР сынақтары Қазақстанға кіруден бұрын қажет болғандықтан, біз 7-ші күні ПТР тестін өткіземіз;
  • кампуста тұратын студенттер үшін (олардың жұбайларын қосқанда): біз 2-ші күні жылдам антиген сынағын, 7-ші күні ПТР тестін өткіземіз.

Сіздің саяхат бағдарыңызды қайтып келуіңізден кем дегенде бір апта бұрын Адам ресурстары жөніндегі менеджеріңізге және hse@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберу арқылы хабарлауды ұмытпаңыз.

 

Кампусқа кіруге ресми (яғни тіркелген) такси мен жеткізу машиналары рұқсат етіледі. Егер сіз жеткізу немесе такси күтсеңіз, Ресепшн қызметкерлеріне хабарлауыңыз керек екенін еске саламыз, олар бақылау өткізу пунктімен хабарласады. Алдын-ала ескертусіз сырттан келген көліктерге кіруге тыйым салынады.

Балаларын мектепке тасымалдау үшін жеке жүргізушілердің қызметтерін пайдаланғысы келетін отбасылар Ресепшн қызметкерлеріне жүргізуші және автомобиль туралы толық ақпарат беруі керек. Кампусқа кіретін автомобильдер санын азайту үшін біз отбасыларды жүргізушілердің қызметтерін бірігіп қолдануға шақырамыз.

Енді ашық аспан астында 10 адамнан аспайтын топтарға жиналуға рұқсат етіледі. Біз сізден маска киюге және физикалық қашықтықты сақтауға шақырамыз. Мүмкіндігінше тезірек ғимарат ішіндегі кездесулерді ұйымдастыру нұсқаларын қарастырамыз. Сізден қырағылық танытып, жауапкершілікпен әрекет етуіңізді сұраймыз, өйткені топтағы адамдардың санының аздап өсуі індет жұқтырған адамның қатысу ықтималдығын едәуір арттырады.

 

Оқу

Оқыту және оқу режимі

Қатаң онлайн режимі, дәрілік емес сақтық шараларын (бетперде, физикалық қашықтық, қол гигиенасы, температураны тексеру) ескере отырып, 10 адамға дейінгі топтардағы клиникалық және практикалық сабақтарды қоспағанда, 

Топтық кездесулер (қоғамдық орындар, конференц-залдар)

Дәрілік емес сақтық шараларын (бетперде, физикалық қашықтық, қол гигиенасы, температураны тексеру) қатаң сақтай отырып, ғимарат ішінде 3 адамнан аспайтын топтардағы кездесулер.

Ғылыми зертханаларға кіруге рұқсат

(Мектептер мен бөлімше басшыларының жетекшілігімен)

Толтырылуы 10%-ға дейін

 

Кітапхана

Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер кітап алуына және қайтаруына болады. Өз қажеттілігіңізге қатысты қызмет түріне тапсырыс жасау үшін library@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жолдаңыз.

Қажет кітаптар туралы, мекен-жайыңыз немесе кампуста тұратындығыңыз туралы ақпаратты жазу қажет. Үйлестірушілер сізге күнін, уақтын және кітап алу немесе қайтару орнын хабарлайды.

Қазақстан аумағындағы қалаларға да кітап жеткізіледі (пошта қызметінің құнын тапсырушы төлейді).

Осы сұрақтар жайлы толығырақ ақпарат алу үшін кітапхана қызметкерлерімен байланысуыңызды сұраймыз.

 

Кампустағы бала-бақшалар

Кампустағы Монтессори мектебі үш жастық топтарға жұмысын қайта бастады: 0-ден 3 жасқа дейін, 3-тен 6-ға және 6-9 жасқа дейінгі балалар. Барлық балабақша қызметкерлері үнемі тексеріліп отырады, ал медбике күн сайын балалардың денсаулығын бақылайды.

 

Атлетикалық және Спорт орталықтары 

Орталықтар жеке кіріс арқылы және дәрілік емес қатаң шараларын қолдана (бет маскалары, физикалық қашықтық, қол гигиенасы, температураны тексеру). Келушілер саны шұғылдану топтарында 20 адамға дейін шектеулі. Көпшілікке арналған іс-шаралар немесе конкурстар өткізілмейді.

 CLC / HSE-дің жаттығу залын қолданудың нұсқаулықтарын ұстаныңыз, оған ПТР сынағының жақында алынған теріс нәтижесін растау кіреді.

NU Спорт Орталығы (бассейнді қоса) және 38-блоктағы спорт залы сағат 6:00-ден 21: 00-ге дейін, күндізгі тазалау және дезинфекцияға арналған 10:00 – 11:00 және 15:00 – 16:00 аралығандағы үзілістерімен, жұмыс істейді, 21:00-де жабылғаннан кейін күнделікті дезинфекция өткізіледі.

Сізден қырағылықты сақтап, маска киіп, қолыңызды мұқият жуып, арақашықтықты сақтауыңызды сұраймыз.

Төменде NU Атлетикалық орталығы және 38 блоктағы жаттығу залдарында әрдайым сақталуға қажетті кіру пен пайдалану шарттары келтірілген:

  1. Кіруге тек COVID-19 теріс ПТР сынағы болғанда ғана рұқсат етіледі.
  2. Келушілердің қолында ID картасы болуы керек, жаттығу залында маска киіп, әрдайым Ресепшн арқылы өту керек.
  3. Қауіпсіздік шаралары әрдайым сақталуы керек, шекара белдеулерінен өтуге немесе оларды шешіге болмайды.
  4. Киім ауыстыратын бөлмелерде физикалық арақашықтықты сақтау үшін, мүмкіндігінше жаттығу формасын киіп келуіңізді сұраймыз.
  5. Келушілер өздерін нашар сезінсе немесе суық тию симптомдарын байқаса, олар Атлетикалық орталыққа немесе жаттығу залына КЕЛМЕУІ керек.
  6. Қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жаттығу залында бір уақытта адамдардың шектеулі санына ғана жаттығуға рұқсат етіледі (30% шегінде).
  7. Келушілер жаттығу уақытын жоспарлау керек, тазарту және дезинфекциялау жұмыстары кезінде залда ешкім болмауы керек (10.00 және 15.00-де).

Атлетикалық орталыққа және жаттығу залына кіру рұқсатын алу үшін, Ресепшнге (тел. 70-99-69) ID картаны, мүшелік ақы төленгеннен кейін  2 аптаға жарамды абонемент және COVID-19-ға теріс нәтижесі бар ПТР тестін ұсыну қажет. Төлем үшін қолма-қол ақша қабылданбайды, төлем жасау үшін жеке куәлік пен банктік картаны ала келіңіз.

Егер сіз соңғы 2 аптада ПТР тестін жасамаған болсаңыз, кампустағы NU кампусындағы Медициналық орталығына тестілеуге тіркеле аласын, қабылдау растауын күту керек (ПТР тестілеуі туралы мәліметтер жоғарыда келтірілген). Нәтиже сол күні немесе келесі күні дайын болады деп күтілуде. Сонымен қатар, сіз тестті РДО зертханасында немесе басқа ПТР сынақ зертханаларында жасата аласыз: Олимп, Invivo, ҰҒМО және басқа да уәкілетті зертханаларда