Назарбаев Университетінде Спорт кешені бар. Ол мына нысандардан тұрады:
- Атлетикалық орталығы
- Спорт орталығы
- Ашық жаз спорттық аландар
Спорт кешенінде жүзү бассейні (50м*25м), жаттығу залы, өрмелеу қабырға, көпфункционалды залы, сквош залы және түрлі спорт залдары (гимнастика залы, жекпе-жек залы, йога залы, фитнес залы, би залы және т.б.) бар.
Спорт кешенінің мақсаттары:
- дене шынықтыру және спорт үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- дене шынықтыру және спортпен айналысатын студенттер арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру.
- студенттердің, оқытушылардың, қызметкерлердің және олардың отбасыларының мүшелерінің физикалық және психологиялық денсаулығының деңгейін көтеру.
- НУ-де салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды құруды және іске асыруды ынталандыру.
Спорт кешенінің міндертері:
- Жаттығу кешенінің (SST) базасында үлкен спорт, рекреациялық спорт және «әл-ауқат» (Wellbeing) саласында зерттеулер жүргізетін біріккен мамандар тобын құру
- Медицина мектебінің (NUSOM) базасында кәсіптік спорт және күнделікті жарақаттар оңалту озық орталығын құру.
Назарбаев Университетінде университет командаларына келесі тәртіптер бойынша жаттығу өткізуі қарастырылған: