Тарих

   02   SHAX7049 

Қазақстан Республикасының Президенті бастамасымен 2010 жылы негізі қаланған Назарбаев Университеті әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды көздейтін мемлекеттің флагмандық оқу орны болып табылады. Бұл – қызметі дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген Қазақстандағы ең алғашқы университет. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді.

Университеттің қысқаша тарихы:

2006Халықаралық деңгейдегі беделді университетті құру идеясын Президент алғаш рет Қазақстан халқына Жолдауында жариялады
2007Университет құрылысы басталды
2009 

Университетті құру бойынша жаңа жобалық топтың тағайындалуы.

«Астананың жаңа университеті» АҚ құрылуы

2010  
маусымЕлбасының қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу рәсімі өтті
қыркүйекFoundation бағдарламасы бойынша оқыту басталды
қазанҒылыми орталықтардың ашылуы – Энергетикалық зерттеулер жөніндегі орталық және Өмір туралы ғылымдар орталығы
қазанБілім беру саясаты орталығының ашылуы
желтоқсанНазарбаев Университетінің тұңғыш Президенті  тағайындады

желтоқсан

Елбасы Назарбаев Университетінің студенттеріне арналған бірінші дәрісін оқыды

желтоқсан

Ұлттық талдау орталығы Назарбаев Университетінің еншілес ұйымына айналды 

2011

 
 қаңтар

Елбасы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы» Заңға қол қойды

наурызАлғашқы студенттік үкімет құрылды
маусымҚазақстан Републикасы Президентінің төрағалығымен Жоғары қамқоршылық кеңестің бірінші отырысы болды. 2012-2020 жылдарға арналған негізгі стратегиялық бағыттар мақұлданды.Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесі құрылды.
тамызИнженерия, Ғылым және технологиялар, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектептерінде бакалавр  бағдарламалары бойынша оқыту басталды

қыркүйек

Ұлттық медициналық холдинг пен оның ауруханалар жүйесі интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесін құру мақсатымен Университетке берілді
қарашаНазарбаев Университетінің алғашқы ғылыми жарияланымы
Медицина саласындағы алғашқы ғылыми конференция
қараша

Білім беру саясаты орталығы «Білім берудегі қазіргі заманғы бағыттар» атты бірінші халықаралық конференцияны ұымдастырды

2012 
наурыз

Ұлттық медициналық холдинг клиникасының алғашқы JCI Біріккен халықаралық комиссияның аккредитациясын алуы

қыркүйекБакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға түскен алғашқы студенттерді оқуға қабылдау
қыркүйек – желтоқсанЖоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 3 мектебі : Жоғары бизнес мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары білім беру мектебі ашылды
2013 
сәуірРеспубликалық нейрохирургия ғылыми орталығының JCI Біріккен халықаралық комиссияның аккредитациясын алуы
сәуірУниверситеттің  2013-2020 жылдарға арналған Стратегиясы және Университеттің жаңа Жарғысы Жоғары қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілді. 
сәуірНазарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Университеттің жаңа атқарушы органы – Басқарушы кеңес құрылды
қыркүйекМагистратура және докторантура бағдарламаларына алғаш рет студенттерді қабылдау басталды
2014 
мамыр «Қазақстан-2050» – Oxford University Press баспасы шығарған НУ-дың алғашқы басылымы
шілдеПилоттық Технопарктің ашылуы
қыркүйекИнженерия, ғылым және технологиялар, гуманитарлық және әлеуметтік мектептерде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларының іске қосылуы
қарашаЖоғарғы бизнес мектебі мен Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті
2015 

наурыз

 «National Laboratory Astana» ұлттық зертханасы  құрылды
маусымЕлбасының қатысуымен Назарбаев Университетінде студенттердің алғашқы оқу бітіру салтанаты өтті
тамызМедицина докторы бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінің медицина мектебінде оқыту бастады
қыркүйекНазарбаев Университетінің өзінің университет алдындағы  дайындық бағдарламасы бойынша оқыту бастады

желтоқсан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Назарбаев Университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

2016

 

маусым

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысумен түлектердің екінші оқу бітіру салтанаты  өтті

қыркүйек

ABC Quick Start Acceleration алғашқы бағдарламасының іске қосылды

қазан

Докторантура бағдарламасы бойынша алғашқы дипломдар қорғалды (Жоғары білім беру мектебі)

қазан

Университеттің институционалдық өзін-өзі бағалау үдерісі басталды

2017

 

қаңтар

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті

мамыр

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысумен түлектердің үшінші оқу бітіру рәсімі өтті

 Стратегия

Университет Стратегиясы еліміздің барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі болып саналатын жоғары білім берудің озық моделін қалыптастыру мақсатында Университеттің тиімді және серпінді дамуын қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық мақсаттар мен бағыттарды айқындайды. Стратегияда Университеттің 2013-2020 жылдарға арналған миссиясы, келешегі, стратегиялық мақсаттары, даму кезеңдері және қызметкерлердің, оқытушылардың, студенттер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижелері баяндалған.

 

Назарбаев Университеті стратегиясының толық мәтінін мына жерден жүктей аласыз