#NUgoesGLOBAL

Мексикадан Қазақстанға: Мұғалімнің Білім беру саласында PhD алу талпынысы
Study International

"Кеңірек көрініс": пәкістандық студент саяси ғылымдарды неліктен Қазақстанда оқуға бел буды
Study International

Нигериялық PhD студент «таңғажайып ғылыми» білімді Қазақстанда тапты
Study International

Қазақстанда PhD бағдарламасы бойынша білім алу мұнай зерттеушісі үшін неліктен әбден қисынды
Study International

Ата-анасының қолдауынан айрылған балалар агрессор болуға немесе буллинг құрбаны болуға бірдей бейім
03.09.2020 DailyMail, Psychreg, Lifestyle Daily
Daily Mail, Lifestyle Daily және Psyhreg басылымдары доктор Мехмет Каракус бастаған NU профессорларының жаңа зерттеуін жариялады. Жұмыстың нәтижелері ата-ананың қолдауы баланың бұзақылық немесе зорлық-зомбылық құрбаны болу қаупін азайту үшін де, оның өзін-өзі бағалауын арттыру үшін де маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу мақсатында 11 мен 17 жас аралығындағы қатысушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі зерттелді, олардан соңғы алты айда қаншалықты қысым немесе бұзақылық көрсеткендері, ата-аналары балаларының не істеп жүргені және өздерін қалай сезінетіндігі туралы қаншалықты білетіні сұралды. Бұл тұжырымдар буллингқа/қорлық көрсетуге қарсы бағдарламаларды жетілдіру үшін маңызды.

NU Вице-провостың блогы: «Студенттік мобилділік туралы тек шығыстан батысқа қарай емес»
07.08.2020 The Pie News
PIE news, халықаралық білім беру саласының мамандарына арналған веб-сайт, Еуропа мен Азиядағы студенттік мобилділіктің өзгеріп жатқан тенденциялары туралы NU-нің академиялық мәселелер жөніндегі Вице-провосты Лоретта О'Доннеллдің блогын жариялады. Мақаланың тұжырымына сүйене отырып, «Азия студенттері оқу үшін Азияны немесе Батыс елдерін таңдайды, ал Батыстағы студенттер әлі де оқулары үшін Азияны сол мөлшерде таңдамайды».

Ғалымдар арнайы бактериялар бізді келесі пандемиядан құтқарады деп санайды
22.07.2020 TheGuardian

NU түлегі Айжан Әлжанова «Көшбасшылық қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуда» тақырыбы жайында
11.07.2020 Thrive Global

NU сарапшысы COVID-19 келесі індет болмайды деп ескертеді
22.07.2020 TheGuardian

NU профессорларының зерттеуі ғылымда әлі де көбінесе ақ нәсілді ер адамдардың бейнелері қолданатынын айқындады
09.07.2020 GiMedia
GiMedia халықаралық онлайн жаңалықтар порталы NU профессорларының жақында жүргізген зерттеуі нәтижелерін жариялады, оған сәйкес ғылымда визуалды әрлеу үшін көбінесе ақ нәсілді ерлер қолданылады. Білім, саясаттану және бизнес пәндері салаларында жұмыс істейтін NU зерттеушілері Astana Expo ірі ғылыми шарасындағы павильондары дизайндарының визуалды деректерін талдады.

BusinessBecause порталында NU сарапшысы «CFA сертификатымен бірге қандай бағдарламаны таңдау керек: MBA немесе Master in Finance»? деген түлектерінен сұраққа жауап берді.
30.06.2020 BusinessBecause

Forbes.com сайты «Халықаралық жоғары білім беру Covid-19 дағдарысын жеңе алады ма?» атты мақаласында NU Вице-провостың түсініктемесімен
22.06.2020 Forbes

NU түлегі және робототехника мен мехатроника маманы роботтарды спорт саласында қолдану туралы айтты
17.06.2020 The Guardian

NU ISSAI зерттеуші Irish Tech News порталының эпизодта COVID-19 симуляторы туралы сұхбат берді
25.05.2020 Irish Tech News Podcast

NU Ассистент профессорымен сұхбат: «COVID-19-ға байланысты онлайн оқыту кезінде оқытушыларға қолдау»
25.05.2020 Global Education Times portal

Назарбаев Университетінің түлегі Камила Роллан: Орталық Азиядағы және әлемдегі инклюзивті білім
15.05.2020 WeAreTheCity

Үлкен деректер (Big Data) ISSAI эпидемиялық симуляторының көмегімен Covid-19-ды бақылауға көмектеседі
09.04.2020 Pharmiweb.com | 20.04.2020 EPM Magazine
Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) әзірлеген Стохастикалық эпидемиялық Симулятор туралы жаңалықтар екі порталда - Pharmiweb фармацевтикалық индустриясының жаһандық жаңалық сайтында, сондай-ақ EPM Magazine инновациялар мен технологиялар бойынша еуропалық жаңалықтар сайтында жарияланды. Симуляторды Назарбаев Университетінің зерттеушілері басқа елдерде пандемияның таралуы туралы нақты деректерге сүйене отырып, Қазақстанда Covid-19 таралуының мүмкін сценарийлерін модельдеу және визуализациялау , сондай-ақ ауруды басу және оның салдарын азайту бойынша шаралар қабылдау үшін әзірледі.

Шабыттандыратын үлгі: Камила Роллан | Негізін қалаушы, Education For All
10.04.2020 WeAreTheCity
WeAreTheCity, кәсіби әйелдердің жетекші сайты, Назарбаев Университетінің түлегі Камила Ролланмен сұхбат жариялады. Камила сұхбатында инклюзивті білім берудегі тәжірибесі туралы айтты. Назарбаев Университетінің Жоғары Білім беру мектебінде магистратурада оқып жүргенде Камила Роллан Қазақстанда инклюзивті білім беру іс жүзінде жоқ екендігі туралы ойланып, сол жастардың мектепке және білімге қол жеткізуіне көмектесу мүмкіндігін көрді. Оның алдында ол мақсаты Қазақстанда инклюзивті білім беру дамуын қолдау болып табылатын «Education For All» атты бейкоммерциялық ұйымын құрған болатын, ал қазір Камила Кембридж университетінде осы бағытта докторлық диссертациясын жазуда.

Соңғы жаңалықтар: Коронавирус бизнес мектептеріне қалай әсер етеді
25.03.2020 Business Because
Коронавирус бизнес мектептеріне қандай әсер етеді? BusinessBecause порталы әлемдегі бірнеше бизнес-мектептердің, соның ішінде Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің осы тақырыпта жаңалықтарының жинақтамасын жариялады.
Дженнифер Льюис, НУ ЖБМ-нің Дәрежелғ білім беру бағдарламаларының директоры және біздің МВА бағдарламысы студенті Ольга Сунякина өз оқиғаларымен бөліседі.

Соңғы зерттеулерге сәйкес бие сүті сиыр сүтінен пайдалы екендігін айқындайды
16.03.2020
Назарбаев Университеті профессорларының бие сүтінің пайдасы туралы зерттеуі the Daily Mail (тиражы 358 миллион дана), The Times (тиражы 4 миллион дана) журналдарында, The Travel Magazine, Food & Drink Technology порталдарында және The Times Ireland басылымында басылды. Осы зерттеуге сәйкес бие сүтінің қабыну аурулары, туберкулез, қан қысымы және тіпті қатерлі ісік түрлерін емдеуде пайдалы екендігі анықталды. Сонымен қатар, қымыз ан қысымын реттеуге көмектесетін ақуызға бай екендігі жазылады.
Daily Mail The Times The Travel Magazine Food and Drinks Technology

Жақсы өмірлік технологиялар: жасанды интеллект кейбір жаһандық мәселелерді шешуге қалай көмектеседі
02.03.2020 IDG Connect
Назарбаев Университетінің профессоры, доктор Прашант Джамвалдың «ReLive» зерттеуі туралы мақала IDG connect технологиялық порталында жарияланды.
"ReLive" - бұл науқастарға инсульттан кейін тезірек қалпына келтіруге көмектесетін жасанды интеллект пен робототехниканы қолданатын стартап. ЖИ арқылы басқарылатын бағдарламалық жасақтама дененің аяқтары, білектері және аяқ-қолдары сияқты аймақтарды қалпына келтіретін қалпына құрылғыларымен қамтамасыз етеді.

Таудың өзін-өзі құлату жүйесі - бұл болашақта кен өндірудің жаңа әдісі ме?
24.02.2020 Mining Technology
Назарбаев Университетінің профессоры Фиделис Суриненидің мақаласы Mine Magazine сандық журналында және Mining Technology порталында жарияланды. Проф. Суринени терең кен орындарына жетуге мүмкіндік беретін таудың өзін-өзі құлату әдісі мен әлеуеті туралы айтты. Бұл жүйе пайдалы қазбалардың төменгі кендерден өндірудің экономикалық тиімді әдісі болып табылады.

Халықаралық перспективалар: Қазақстандағы американдық студент
21.02.2020 THE (The Times Higher Education)
Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің американдық студенті Энтони Хейкуптың блогы The Times Higher Education порталында жарияланды. Энтони өзінің тәжірибесі туралы, неге Қазақстанда МВА-ға түсуге шешім қабылдағаны және Нұр-Сұлтан қаласында өз талаптарына сай университетті қалай таңдағаны туралы баяндады.

Шабыттандыратын үлгі: Айжан Әлжанова | Бірлескен негізін қалаушы, Мама Pro
07.02.2020 WeAreTheCity
WeAreTheCity, әйелдер кәсіпқойларының жетекші сайты, Назарбаев Университетінің түлегімен сұхбат жариялады. Айжан Әлжанова - балаларының ерекше қажеттіліктеріне байланысты жұмыс табуда қиындыққа тап болып, үйде отыруға мәжбүр болған әйелдердің, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің кәсіби өсуіне қолдау көрсететін Қазақстандағы орталықтың тең құрылтайшысы.
ары қарай оқу

Мехди Багери Irish Tech News подкастында
29.01.2020 Irish Tech News
Irish Tech News подкастында Назарбаев Университетінің Қауымдастырылған профессоры Мехди Багеримен жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде көліктерін зарядтауға мүмкіндік беретін сымсыз жол концепциясы туралы эпизод жарияланды. Мехди сымсыз жолды дамытуда қол жеткізген жетістіктері, оны қашан өмірге енгізуге болатындығы және қалайша жұмыс істейтіндігі туралы әңгімеледі.
ары қарай оқу

Назарбаев Университеті жараларды емдеуге арналған жаңа гидрогель әзірлеуде
29.01.20 Med-tech innovations
Назарбаев Университетіндегі Астана Ұлттық Зертханасының (NLA) зерттеушілер тобы терінің күйіктері мен жарақаттары бар науқастарды қалпына келтіруді жеделдету үшін жараларды емдеуге арналған гидрогель әзірлеуде. AmnioSkin өнімінде қарапайым технологиялар және табиғи ингредиенттер қолданылған және аллергиялық реакцияларды айқындамаған жануарларға тестілеулерден кейін көп үміт күттіретін нәтижелер көрсеткен.
ары қарай оқу

Бизнес мектептері декандарының пікірінше, 2020 жылы бизнес білімін өзгертетін 9 бағыт
03.01.2020, BusinessBecause
2020 жылы Бизнес білім беру қалай өзгереді? Қандай трендтер мен үрдістер индустрияны айтарлықтай өзгертеді?
Др. Патрик Дюпарк, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің деканы, және Стенфорд мен Оксфорд топ бизнес мектептерінің декандары алдағы жылы ""BusinessBecause"" мақаласында (MBA мәселелері бойынша Web дереккөз, Ұлыбритания) жаңа бизнес білім берудің жаңа белесімен бөлісті.
ары қарай оқу

Нанотехнологиялар ісік ауруымен күресу үшін қолданылуда
02.12.2019, Hospital Hub
Назарбаев Университетінің зерттеушілері термиялық абляция терапиясында наноматериалдарды қолдануды тексеруде. Бұл терапияда наноматериалдарды қолдану ең жақсы шешім болып табылады , себебі наноматериалдар ісіктің белгілі бір аймағында температураны жоғарылата алады. Бұл терапияға қатерлі ісік жасушаларына арнайы бағыттап, оларды қоршаған сау жасушаларға әсер етпестен жоюға мүмкіндік береді.
ары қарай оқу

Жер сілкінісіне дайындықтың маңыздылығы, оны азайту және инфрақұрылымның тұрақтылығын болжау
02.12.2019, Open Access Government
Назарбаев Университетінің сарапшылар тобы жер сілкіністеріне дайын болудың, олардың салдарын азайтудың және инфрақұрылымның тұрақтылығын болжаудың маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті. Жер сілкінісінің айтарлықтай әсерін болжай білу үшін олар сейсмикалық қауіпті ықтималдық талдауға (PSHA) кіретін топырақтың қозғалысын болжаудың физикалық әдістемесін жасау идеясын ұсынады.
ары қарай оқу

Альцгеймер ауруын емдеу үшін ұялы телефондардың жиілігі қолданылады
15.11.2019, Middle East Medical Portal
Назарбаев Университеті мен Астана Ұлттық зертханасының зерттеушілері ұялы телефондардың жиіліктегі электромагниттік өрістерін кәрілік деменциясын болашақ емдеу нысаны ретінде пайдалану мүмкіндіктері зерттелуде. Атап айтқанда, ғалымдар 918 Гц жиіліктегі радиожиілікті электромагниттік өрістерді таңдай отырып, Альцгеймер ауруын емдеуде қалай қолдануға болатындығын зерттейді, себебі бұл жиілік ұялы телефондарда жиі пайдаланылады.
ары қарай оқу

Қазақстандық университет ежелгі Жібек жолы бағытын қалпына келтіруге ат салысуда
06.11.2019, Asia Today
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы доктор Дэниел Пью Назарбаев Университетінің Жаңа Жібек жолын зерттеп жүрген антропология және археология мамандары туралы айтады.
ары қарай оқу

Наноматериалдар көмегімен қатерлі ісік ауруын емдеуге арналған жылулық абляция терапиясы
07.10.2019, Middle East Medical Portal
Назарбаев Университетінің зерттеушілері химиотерапия және сәулелену сияқты дәстүрлі қатерлі ісік ауруын емдеу әдістеріне қосымша емдеу мақсатында наноматериалдарды қолдануды зерттеп жатыр. Зерттеушілер Жаннат Ашықбаева мен Даниэле Този профессор Инглезакиспен бірге жылулық абляция терапиясында наноматериалдарды қолдануға баса назар аударуда. Жылулық абляция – бұл қатерлі ісік терапиясында қолданылатын әдіс. Сыртқы электромагниттік толқындар көмегімен жергілікті температураны көтеріліп, қатерлі ісік жасушалары немесе тіндері жойылады.
ары қарай оқу

Әлем өзгеруде: тәжірибелі университеттердің "қуыспағы"
25.09.2019, The Telegraph
Әлем университеттері дәстүрлі оқу бағдарламасынан тыс шығып, дәрежелердің жаңа дәуірін бастауда. Университеттердің орналасу жері туралы түсінік те өзгереді. Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу болашақта университеттер арасында одақтар құрылады деп болжайды: «Бірнеше университеттен бір дәрежені бірден алу мүмкіндігі кең таралады».
ары қарай оқу

Беделді MBA бағдарламасына түсу үшін GPA қаншалықты маңызды?
19.09.2019, BusinessBecause
Дорон Израили, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің оқытушысы және қабылдау комиссиясының мүшесі, апта сұрағына жауап береді. Сұрақты бизнес мектепке түсуге ниетті, әрі өз мүмкіндіктерін арттыруға үміттенетін жасырын талапкер қойды.

Қазақстандық ғалымдар пойыздарды жел энергиясымен жүргізу мүмкіндігін зерттеуде
27.08.2019, Sustainability Matters
Бүгінгі күні темір жол компанияларының басым бөлігі пойыздарға дизель жанармайын құяды. Бұл өз кезегінде ауаның ластанып, жаһандық жылынудың жақындай түсуіне әсер етуде. Назарбаев Университетінің зерттеушілері пойыздарды жүргізуде жел энергиясын қолдануды зерттеу арқылы аталмыш мәселенің шешіміне өз үлесін қосуды көздеп отыр.
ары қарай оқу

Тұрақ орындарын жалға алуға арналған мобильді қосымша
19.08.2019, Springwise
Назарбаев Университетінің түлегі тұрақ орындарын жалға беру және жалға алуға көмектесетін қосымшаны ойлап тапты. «Тұрақ орындарына арналған Airbnb» деп те аталатын TuraQshare жобасының мақсаты – жол кептелістерін азайтып, тұрақ орнын іздеп жүрген жүргізушілер уақытын үнемдеу.
ары қарай оқу

Университеттер ғаламдық түлектер нарығы талаптарына сәйкес келеді ме?
14.09.2019, Forbes
Біздің өмір салтымыз бен жұмысымызды технология мен ғаламтордың дамуы, жасанды интелект пайда болуы түбегейлі өзгертіп жіберді. Заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын студенттерді даярлау үшін университеттер не істеуде?