Университеттің стратегиялық академиялық және зерттеу саласындағы әріптестері

Назарбаев Университетінің (НУ) стратегиялық даму моделі әлемнің үздік университетінің рейтингісіндегі жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікке негізделген. Университеттің әр мектебі мен зерттеу орталығы әлемнің келесі жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықта құрылады:

НУ дамуына үлес қосқан стратегиялық әріптестер:

Стратегиялық әріптестер туралы қысқаша ақпарат:

Висконсин Мэдисон Университеті

1848 жылы Висконсин Мэдисон Университеті мемлекеттік мекеме ретінде құрылған. Университет қалада орналасқан және оның көлемі 936 акр. Висконсин Мэдисон Университеті 2018 жылдың Үздік колледждер рейтингісінде Ұлттық университеттер бөлімінде 46 орынға ие болды.

Висконсин Мэдисон Университетінің келесі мектептерінің магистратура бағдарламалары жоғары бағаланады: Білім беру мектебі, Роберт М. Фоллеттің Қоғамдық жұмыстар мектебі, Инженерия мектебі, Бизнес мектебі, Медицина және денсаулық сақтау мектебі, Заң мектебі. Білімнің адам өміріне әсер етуі және тапқа бөлмей, адамдардың өмірін жақсарту негізіне салынған «Висконсин идеясы» Мектептің қоғамға қызмет ету мұрасының тұғыры болып табылады. Висконсин университетінің танымал түлектері – әйнек суретшісі Дэйл Чихули және жазушы Джойса Кэрол Оутс. Университеттің бұдан басқа бұрынғы студенттері: бұрынғы вице-президент Дик Чейни, ұшқыш Чарльз Линдберг, натуралист Джон Мьюир және сәулетші Фрэнк Ллойд Райт.

Висконсин Мэдисон кампусының тұрғындары Ұлттық студенттік спорт қауымдастығының 20-дан астам спорт түрлері бойынша жарысады және де университет Big Ten конференциясының мүшесі болып саналады. Студенттер кампустағы 800-ден астам студенттік ұйымдарға мүше бола алады. Бірінші курс студенттері кампуста тұруға міндетті емес, алайда басым бөлігі кампуста тұруды қалайды. Студенттер университетке тиісілі мекенжайлардың бірінде, басқа студенттермен және оқытушылармен бірге тұра алады.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданған): 44 413 (Бакалаврлар- 30 361; Магистр және докторанттар – 14 052)
Халықаралық студенттер: 6 922
Оқытушы-профессорлар құрамы: 2 220
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 43 орын
QS World University Rankings рейтингі (2019): 53 орын

Дьюк Университеті

Дьюк Университеті – 1838 жылы жеке мекеме ретінде құрылған жеке мекеме. 2018 жылдың Үздік колледждер рейтингінде Дьюк Университеті Ұлттық университеттер бөлімінде 9 орынға ие болды.

Дьюк Университеті бакалавр мен аспиранттарға оқу бағдарламасын ұсынатын 10 мектеп пен колледждерден құрылған. Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларды Фукуа бизнес мектебі, Прэт инженерия мектебі, Заң мектебі, Медицина мектебі, Сэнфорд қоғамдық саясат мектебі және Медбикелік іс мектебі сияқты жоғары рейтингті мектептер ұсынады. Дьюк Университеті сондай-ақ өзінің беделді Теология мектебі мен Николас атындағы Қоршаған ортаны қорғау мектептерінде аспиранттарды даярлау бағдарламаларын ұсынады. Дьюк Университетіндегі ең құрметті Робертсон стипендиялық бағдарламасы әр сыныпта шамамен 18 студентті қаржылай қолдаумен және бір семестр бойы UNC-Chapel Hill-де оқу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Университеттің танымал түлектері Билл және Мелинда Гейтс қорының тең құрылтайшысы Мелинда Гейтс; НБА ойыншысы Карлос Бузер; және АҚШ-тың бұрынғы конгрессмені және президенттікке үш мәрте үміткер болған Рон Пол.
Фукуа бизнес мектебінің «Full Time MBA» бағдарламасы АҚШ-тың үздік бағдарламаларының бестігіне кіреді.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 15 892 (Бакалаврлар- 6 994; Магистрлер мен докторанттар- 8 898)
Халықаралық студенттер: 3 017
Оқытушы-профессорлар құрамы: 3 774
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 18 орын
QS World University Rankings рейтингі (2019): 26 орын

Сингапур ұлттық университеті, Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі

Сингапур ұлттық университеті (СҰУ) – Сингапурдағы ең ескі жоғары оқу орны, және де студенттер саны мен оқу бағдарламалары бойынша ірі университет.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 35 908 (Бакалаврлар- 27 604; Магистрлер мен докторанттар- 8 304)
Халықаралық студенттер: 9 443 (26%)
Оқытушы-профессорлар құрамы: 2 555 адам
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 23 орын
QS World University Rankings рейтингі (2019): 11 орын

Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі 2004 жылы ашылды және Сингапур ұлттық университетінің бөлігі болып табылады. ЛКЮ атындағы мектеп Джон Ф. Кеннеди атындағы Басқару мектебі, Колумбия университетінің Халықаралық және қоғамдық саясат мектебі, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі, Париждегі Саяси зерттеулер институты сияқты мектептермен ынтымақтасады және Жаһандық мемлекеттік саясат желісінде (Global Public Policy Network) Азия континентінің жалғыз өкілі болып табылады. Мектепте әлемнің 50-ден астам елінен 400-ге жуық студент білім алады, оларда 97 оқытушы жұмыс істейді.

• Жаһандық мемлекеттік саясат желісіндегі (GPPN) Азия мектебі – 1 орын
• Азиядағы ең инновациялық университет – 11 орын
• Азиядағы ең үздік мемлекеттік саясат мектебі – бүкіл әлем бойынша 3 орын

Бітірушілердің жалпы саны: 2800 (2018)
Халықаралық студенттер: 80% (90 ұлт нәсілі)
Оқытушы-профессорлар құрамы: 97

Питтсбург Университеті

Питтсбург Университеті 1787 жылы Питтсбург академиясы ретінде құрылған мемлекеттік зерттеу университеті болып табылады.

Питтсбург Университеті беделді Американдық университеттер қауымдастығының (AAU) мүшесі бола тұра, Университет АҚШ-тың жалпы білім беретін ғылыми университеттерінің арасында бірінші орын алады.

Университет Медицина мектебінің, Білім беру мектебінің және Swanson Инженерлік мектебінің жоғары көрсеткіштері үшін ұлттық марапатқа иеленді. Медицина мектебі жоғары мамандандырылған Питтсбург Университетінің Медициналық орталығымен (UPMC) тығыз байланыста жұмыс істей отырып, өзінің зерттеулері үшін ерекше бағаланады, сондай-ақ Ұлттық денсаулық сақтау институтынан қомақты қаражат алатын мекеме болып табылады. Университетет экологияға ерекше көңіл бөлетіндігімен жақсы танымал. Мектептің студенттері мен оқутушылары Mascaro тұрақты инновациялар орталығындағы (Center for Sustainable Innovation) экологиялық проблемаларды шешу мақсатында жұмыс істейді. Питтсбург Университетінің әрбір кәсіптік салада әлемге танымал түлектері, олардың ішінде Майк Дитка және Дэн Марино сияқты танымал футбол ойыншылары; сонымен қатар АҚШ-тың бұрынғы қаржы министрі Эндрю Меллон және АҚШ әскеріндегі төрт мәрте жұлдыз иесі алғашқы афро-американдық генералы Роско Робинсон-кішісі бар.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 28 673 (Бакалаврлар- 19 330; Магистрлер мен докторанттар – 9 343)
Халықаралық студенттер: 19 330
Оқытушы-профессорлар құрамы: 4 318 адам
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 110 орын
QS World University Rankings рейтингі (2019): 136 орын

Пенсильвания Университеті

Пенсильвания Университетін 1740 жылы америка Құрама Штаттарының негізін қалаушылардың бірі Бенджамин Франклин ашқан.

Пенсильвания Университеті 12 мектептен тұрады, олардың 4-і бакалавриат және магистратура, докторантура бағдарламаларын ұсынады, қалған 8 мектеп тек магистратура мен докторантура бағдарламаларын ғана ұсынылады. Университеттің беделді мектептерінің арасында Уортон бизнес мектебі, Білім беру мектебін, Инженерлік және қолданбалы ғылымдар мектебін, Заң мектебін және Медицина мектебін атап өтуге болады. Университеттің басқа да танымал магистрлік бағдарламаларына Дизайн мектебі және Стоматологиялық медицина мектебі кіреді. Жыл сайын 2000-нан астам студент әлемнің 70-тен астам елінде ұсынылатын халықаралық оқу бағдарламаларына қатысады.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 25 367 (Бакалаврлар- 10 468; Магистрлер мен докторанттар – 10 890)
Халықаралық студенттер: 4 859 (19%)
Оқытушы-профессорлар құрамы: 4 722адам
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 12 орын
QS World University Rankings рейтингі (2019): 19 орын

 Кембридж Университеті

1209 жылы құрылған Кембридж Университеті академиялық мемлекеттік зерттеу университеті болып табылады. Ашылғанына 800 жыл болған университет әлемдегі ең ескі төртінші және екінші ең ескі ағылшын тілді университет болып табылады.

Университетте әлемнің түпкір-түпкірінен келген 21,000-нан астам студент білім алады. 4000-нан астам студент халықаралық студенттер болып табылады және әлемнің 120 елінен келген. Сондай-ақ Халықаралық жазғы мектеп студенттерге арналған 175 бағдарламаны ұсынады.

Университет 31 дербес колледжге бөлінген, онда студенттер шағын топтарда білім алады. Университетте өнер және гуманитарлық ғылымдар, биологиялық ғылымдар, клиникалық медицина, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, физика ғылымдары мен технология мектептері сияқты алты мектеп бар. Бұл мектептер барлық 31 дербес колледждерде орналасқан және 150-ге жуық оқытушы-профессорлар құрамы бар.
Университетте сондай-ақ жалпы 15 миллионнан астам кітаптары бар, 100-ден астам кітапханалар жұмыс істейді. Құқықтық репозиторий болып табылатын негізгі кітапханада шамамен 8 миллион атау бар. Университеттің қарамағында 9 өнер, ғылым және мәдениет мұражайы, сондай-ақ жыл бойы қоғам үшін ашық ботаникалық бақ бар.

Университеттің 96 аффилиирленген тұлғасы әрбір санат бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 18 474 (Бакалаврлар- 11 926; Магистрлер мен докторанттар – 6 548)
Халықаралық студенттер: 5 389 (24%)
Оқытушы-профессорлар құрамы: 7 913
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 2 орын
QS World University Rankings рейтингі (2019): 6 орын

Колорадо таукен ісі мектебі

Колорадо тау-кен ісі мектебі (КТІМ) 1874 жылы құрылған. Жерді және жер ресурстарын жауапты басқаруға бағытталған білім беру және зерттеу бағдарламаларын әзірлеудің арқасында АҚШ-тың ең үздік тау-кен ісі колледждерінің бірі ретінде танымал болды.

Университет Колорадо штатының, сондай-ақ АҚШ-тың басқа да мемлекеттік университеттерінің арасында ең жоғары іріктеу талаптарын қоятын оқу орындарының бірі болып табылады.

Колорадо тау-кен ісі мектебі Payscale.com сайтының “Colleges worth Your Investment” тізімінде инвестициялар тиімділігі бойынша ең үздік университеттердің арасында орын алады. КТІМ 14 мамандық бойынша оқытатын үш колледжден тұрады: Қолданбалы ғылымдар және инженерия колледжі, Инженерия және компьютерлік ғылымдар колледжі, Табиғи ресурстар және Инженерия колледжі.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 6 170 (Бакалаврлар- 4 908; Магистрлер мен докторанттар- 1 262)
Халықаралық студенттер: 11%
Оқытушы-профессорлар құрамы: 625 адам
Әлемдік университеттер рейтингі:
Times Higher Education рейтингі (2019): 251-300 орын
QS World University Рейтингінде (мамандықтар бойынша) (2019): 1 орын Иженерия ( Mineral & Mining)

Питтсбург Университетінің Медициналық орталығы

Питсбург Университетінің Медициналық орталығы (ПУМО) – 1939 жылы Питсбург университетінің жанында құрылған интеграцияланған жаһандық денсаулық сақтау кәсіпорны.

UPMC-тің 85 000 қызметкері бар және 30-дан астам академиялық, қоғамдық және мамандандырылған ауруханаларды, 4800 дәрігер, 600 медициналық кеңсе мен амбулаториялық аурухананы, медициналық сақтандыру және халықаралық және коммерциялық қызметтерді біріктіру арқылы медициналық қызмет көрсетуді түрлендірумен айналысады.

Питтсбург Университетінің денсаулық туралы ғылымдар мектебі, ПУМО есеп беретін, экономикалық тиімді және пациентке бағытталған медициналық көмектің жаңа үлгісін жасайды.
ПУМО-ның коммерциялық және жаһандық бастамаларына әлемнің жетекші трансұлттық корпорацияларымен стратегиялық іскерлік қатынастар құру, сондай-ақ Қазақстан, Италия, Ирландия, Үндістан, Канада, Қытай, Жапония, Сингапур сияқты елдерде клиникалық операциялар жасау мен консультациялық қызметтер көрсету кіреді.

Қызметкерлер саны: 170, 000 (2018)

Мекемелер: 40 аурухана, 600 амбулаториялық клиника, оның ішінде амбулаторлық-емханалық және медициналық бөлімдер, 50 онкология орталығы; 70 медициналық мекеме; 90 пациенттерге күтім жасалатын санаторий мен сондай-ақ коммерциялық және халықаралық кәсіпорындар.

Берклидегі Лоуренс атындағы ұлттық зертхана

1931 жылы құрылған Берклидегі Лоуренс атындағы Ұлттық зертхана Берклиге жақын Калифорния штатында орналасқан АҚШ-тың ұлттық зертханасы болып табылады. Зертхана АҚШ-тың Энергетика департаментінің атынан ғылыми зерттеулер жүргізеді және Калифорния Университеті басқаруымен жұмыс істейді.

Зертхананың 70 ғалымы Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, 15 ғалым Ұлттық ғылым медалінің жеңімпаздары болып табылады және 3 ғалым Медицина институтына қабылданды.

Беркли зертханасында 3 816 – ға жуық қызметкер, 457 бакалавр, магистр және доктор бағдарламаларының студенттері. Бұдан басқа, жыл сайын зертханада 2000-нан астам қатысушы қонақтар жұмыс істейді.

Оук Ридж университеттер қауымдастығы (ОРУҚ)

ОРУҚ Теннесси штатының Оук-Ридж қаласында орналасқан 121 американдық университеттен құрылған консорциум болып табылады. ОРУҚ миссиясы шұғыл мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; ғылым және технологиялар, ұлттық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны басқару салаларында зерттеулер, оқыту мен тренингтер өткізу арқылы ғылыми зерттеулер мен білімді ілгерілетуге бағытталған. Денсаулық физикасы және эпидемиология саласы ОРУҚ қызметінің басты бағыттары болып қалып отыр. Орталықтың қызметі радиологиялық зерттеулерді өткізу, сәулемен емдеу дозасын қайта белгілеу, сондай-ақ радиоактивті материалдардың, берилий немесе басқа да улы заттардың әсеріне шалдыққан жұмысшылардың денсаулығына скрининг жасау жұмыстарын қамтиды.