Шетелдік құрметті қонақтардың келу сапарлары

Назарбаев Университетіне құрметті қонақтардың келу сапарлары

 Назарбаев Университеті жоғары дәрежелі саяси және қоғамдық қайраткерлерді: мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдауды мақтан тұтады. 2010 жылдан бері Назарбаев Университетіне 30-дан астам құрметті қонақтар келді. Олардың ішінде: Си Цзиньпин, Князь Альбер II, Дэвид Кэмерон, Синдзо Абэ, Кристин Лагард, Нарендра Моди, Кэтрин Эштон және Жозе Мануэл Баррозу.

Сума Чакрабарти

Еуропа қайта құру және даму банкінің Президенті

23 маусым, 2017 ж

Сума Чакрабарти мырзаның дәрісі «Қазақстан және Орталық Азия: тиімді нарықтық экономикаға көшу» тақырыбына арналған.

Рашид Алимов

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы

5 сәуір, 2017 ж

Алимов мырза «ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық» тақырыбында дәріс оқыды. ШЫҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның ұйымдастырудағы ерекше үлесі мен рөлін атап өтті.

Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан Республикасының Президенті

23 наурыз, 2017 ж

Кристин Лагард

Халықаралық валюта қорының басшысы

24 мамыр, 2016 ж

Кристин Лагард ханым ғаламдық және өңірлік орта, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің проблемалары мен мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды.

Джон Керри

АҚШ мемлекеттік хатшысы

2 қараша, 2015 ж

АҚШ мемлекеттік хатшысы «АҚШ пен Орталық Азия: 21 ғасырдағы әріптестер» тақырыбында дәріс оқыды.

Синдзо Абэ

Жапонияның премьер-министрі

27 қазан, 2015 ж

Премьер-министр Синдзо Абэ Жапонияның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы туралы дәріс оқыды. Өзінің сөзінде Премьер-министр Жапонияның Қазақстанның өнеркәсіп пен медицина салаларындағы білікті мамандарын даярлауда белсенді көмек көрсетуіне  тоқталып өтті.

Нарендра Моди

Үндістанның премьер-министрі

7 шілде, 2015 ж

Назарбаев Университетінде сөйлеген сөзінде премьер-министр Моди университеттің алғашқы түлектерін құттықтап, еліміздің көптеген салаларындағы жетістіктері мен көшбасшылығындағы білімнің маңыздылығын атап өтті.

Филипп Рёслер

Дүниежүзілік экономикалық форумның Басқарушы директоры

19 мамыр, 2015 ж

Жозе Мануэль Баррозу

Еуропалық комиссияның экс-төрағасы

5 мамыр, 2015 ж

Жозе Мануэль Баррозу өзінің дәрісін Еуропалық Одақтың халықаралық қатынастарына және оның жаһандық дағдарысқа ден қоюына, сондай-ақ еуропалық интеграцияға және Еуропалық Одақ пен Қазақстанның қарым-қатынастарын дамыту мәселелеріне арнады.

Cи Цзинпин

Қытай Халық Республикасының Президенті

7 қыркүйек, 2013 ж   

Назарбаев Университетіндегі сөйлеген сөзінде Президент Си Цзиньпин алғаш рет Жаңа Жібек жолы атты тарихи бағдар бойынша елдерді біріктіретін “Бір белдеу – бір жол” (One Belt – One Road) атты интеграциялық жобасын жариялады. Осы сөйлеген сөзден кейін ҚХР Үкіметінің бастамасы Қытайдың Еуразия өңірі, Таяу Шығыс және Африкада елдерімен экономикалық және мәдени интеграцияның іргетасы болды.

Дэвид Кэмерон

Ұлыбританияның Экс- премьер-министрі

1 шілде, 2013 ж

Болашақ инженерлер Дэвид Кэмеронға механикалық инженерия мен азаматтық құрылыс саласындағы үш зертханалық эксперимент көрсетті.

Кэтрин Эштон

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Бірінші жоғары өкілі

30 қараша, 2012 ж

Альбер II

Мәртебелі Монако князі

3 қараша, 2012 ж

Дмитрий Медведев

Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы

29 мамыр, 2012 ж