Миграция туралы тәртібі

ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА КІРУ ТӘРТІБІ

Жалпы талаптар

Қазақстан Республикасының аумағына кіру/шығу тәртібіне қысқа мерзімде өзгертулер енгізілуіне байланысты, шетел азаматтарына келер алдында ағымдағы жағдайды тексеру ұсынылады.(http://mfa.kz/en).

Осы бөлімде көрсетілген паспорт және визалық ақпарат қарапайым паспорттардың иелеріне қатысты. Дипломатиялық, ресми, арнайы және қызметтік паспорттардың иелеріне арнайы ережелер қолданылуы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.

ИММИГРАЦИЯ РӘСІМДЕРІН САҚТАМАУ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ШАРАЛАРЫНА ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ТИІСТІ ЕЛГЕ ДЕПОРТАЦИЯЛАУҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН. ҚАЙТАДАН ЖАСАЛҒАН БҰЗУ ЕЛЕУЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.

Шетелдік паспорт

Қазақстанға келген барлық тұлғалар өзімен бірге визаның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап үш айдан ертерек мерзімі аяқталмаған, виза және мөртабандарды алуға арналған кемінде екі бос беттен тұратын шетелдік паспорттары болуы керек.

Шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының кіргеннен кейін, кем дегенде 6 айға жарамды паспорттары болуы тиіс.

Егер Сіз мерзімі өткен паспортты ауыстырсаңыз, көші-қон қызметі тіркеу үшін мектеп әкімшілігіне жаңа паспортыңызды (ескі паспортта жарамды виза болған жағдайда, ескі паспортпен бірге) бересіз.

Тіркеуге қатысты мәселелер туындамау үшін бізді қажетті құжаттармен барынша тез арада қамтамасыз етуге мүдделі екендігіңізді естен шығармаңыз.

С3 санатының визасы

Қазақстан Республикасының аумағына кіру үшін халықаралық оқытушыларға C3 жұмыс/отбасылық визасы қажет. Визаның бұл түрі Сіздің еңбек шартыңыздың мерзіміне беріледі және Қазақстанға бірнеше рет кірумен визаның жарамдылық мерзіміне сәйкес қалуға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелеріне және халықаралық оқытушылардың асырауындағы адамдарға виза негізгі алушы-қызметкердің визасында көрсетілген мерзімге беріледі. Отбасы мүшелері, сондай-ақ асырауындағы адамдар еңбек, діни және миссионерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ екеніне назар аударыңыз.

Төменде көрсетілген 44 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз сапар жасай алады, егер олардың келу уақыты 30 күннен аспаса (санау келу уақытына қарамастан келу күнінен бастап есептеледі). Қазақстанда 30 күннен аса болу үшін виза талап етіледі.

Келесі елдердің азаматтары, барлық қажетті құжаттар болған жағдайда, Астанаға келу кезінде C3 визасын алуға өтініш бере алады.

  1. Аустралия
  2. Аустрия
  3. Бельгия
  4. Болгария
  5. Канада
  6. Чили
  7. Хорватия
  8. Кипр
  9. Чехия
  10. Дания
  11. Эстония
  12. Финляндия
  13. Франция
  14. Германия
  15. Греция
  16. Венгрия
  17. Исландия
  18. Ирландия
  19. Израиль
  20. Италия
  21. Жапония
  22. Латвия
  23. Литва
  24. Люксембург
  25. Малайзия
  26. Мальта
  27. Мексика
  28. Монако
  29. Нидерланд
  30. Жаңа Зеландия
  31. Норвегия
  32. Польша
  33. Португалия
  34. Корей Республикасы
  35. Румыния
  36. Сингапур
  37. Словакия
  38. Словения
  39. Испания
  40. Швеция
  41. Швейцария
  42. Біріккен Араб Әмірлігі
  43. Ұлыбритания
  44. Америка Құрама Штаттары

Ескерту: Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіретін елдер азаматтарының (Қырғыз Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы) елде болу кезеңі еңбек шартында белгіленген мерзімге байланысты айқындалады.

Визаға өтініш беру процесі

1-ші қадам

Халықаралық ынтымақтастық департаменті құжаттарды НУ-мен еңбек шартына қол қойылғаннан кейін ғана Көші-қон қызметіне жібереді. Шақыру хаты дайын болғаннан кейін оның көшірмесі Сізге электронды пошта арқылы жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы №10 қаулысына сәйкес, НУ қызметкерлері визаны алу үшін елшілікте қажетті құжаттар пакетін ұсыну үшін жұмысқа рұқсат алу талап етілмейді. Шақыру хаты Сізге бірнеше мәрте виза беру үшін жеткілікті негіз  болып табылады.

Визаға шақыру хат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келесі құжаттар ұсынылуы қажет:

Қызметкер үшін:

  • Еңбек шартының көшірмесі (мектептің персонал жөніндегі менеджері береді);
  • Паспорттың көшірмесі;
  • Жұмысқа орналасу кезінде алдын ала форма (мектептің персонал жөніндегі менеджері береді).

Ілесетін жұбайы үшін:

  • Паспорттың көшірмесі;
  • Апостильденген неке туралы куәлік *;
  • Қызметкер визасының көшірмесі (егер құжаттар бөлек берілсе және қызметкердің визасы бар болса).

Ілесетін балалар үшін:

  • Паспорттың көшірмесі;
  • Апостильденген туу туралы куәлігі *;
  • Қызметкер визасының көшірмесі (егер құжаттар бөлек берілсе және қызметкердің визасы бар болса).

*  Егер Сіз шетел құжаттарын заңдастыру талабын жою туралы Гаага конвенциясының мүшесі емес елдің азаматы болсаңыз, Сізге қажетті құжаттарды консулдық заңдастыруды рәсімдеу қажет. Гаага конвенциясының мүше елдерінің тізімінде еліңізді табу үшін сілтемеге басыңыз:

https://www.hcch.net/en/instruments/conventions/authorities1/?cid=41

Шақыру хатын ресімдеу уақыты: 5 жұмыс күні

2-ші қадам

Шақыру хатын алғаннан кейін Сіз виза алуды жоспарлаған жерде, барлық құжаттарды шетелдегі Қазақстан елшілігіне/консулдығына жіберуіңіз керек. Өтініш берушінің жеке жауапкершілігі елшілік/консулдық веб-сайтында қажетті құжаттардың тізімін (өтінім, ксерокөшірме, төлем және т.б.) тексеруден тұрады. Бұдан басқа, Сізге визалық алымды төлеуге тура келеді, ол Сізге (тек) Астанаға келген кезде қайтарылады.

Визаны ресімдеу уақыты: 5 жұмыс күні

Визаны ұзарту

НУ-мен келісім-шартты ұзартқаннан кейін Сіздің визаңыз ұзартылуға жатады. Сіз визаңызды Қазақстанда немесе өз еліңізде ұзартуыңызға болады. Төмендегі нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Егер Сіз Қазақстанда болсаңыз …

Қазақстан Республикасында визаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұзарту үшін біз Сіздерге төмендегі құжаттарды мектептің персонал жөніндегі менеджеріне ұсынуды сұраймыз:

Қызметкер үшін:

  • Паспорт;
  • 3,5 x 4,5 см фотосурет;
  • Толтырылған визалық сауалнама;
  • Еңбек шартының көшірмесі (мектептің персонал жөніндегі менеджері береді).

 Ілесетін отбасы мүшелері үшін:

  • Паспорт;
  • 3,5 x 4,5 см фотосурет;
  • Қызметкер визасының көшірмесі, өтініш бөлек берілген жағдайда;
  • Толтырылған визалық сауалнама;
  • Асырауындағы адамның визасы үшін қызметкердің төлемақысынан визалық алымның ұстап қалуы туралы өтініш;
  • Егер Сіз қолданыстағы визаны Қазақстан аумағында ұзартатын болсаңыз, Сізге апостильденген неке/туу туралы куәліктер талап етілмейді.*

*Егер Сіз визасыз режиммен кірген болсаңыз және жаңа визаны алуға өтініш берсеңіз  жұбайыңыздың/балаңыздың визасы үшін апостильденген неке/туу туралы куәлігін беруіңіз  қажет.

 Визаны ресімдеу уақыты: 5 жұмыс күні

Егер Сіз Қазақстанда болмаған жағдайда …

Егер Сіз шетелде болған кезде, визаңыздың уақыты өтіп кетсе, бірақ Сіз Қазақстан Республикасының аумағына визасыз режиммен кірген жағдайда (44 елдің азаматтары), Қазақстан аумағында жаңа визаны алу үшін, келесі құжаттар қажет:

  • Паспорт;
  • Еңбек шартының көшірмесі (мектептің персонал жөніндегі менеджері береді);
  • Толтырылған визалық сауалнама;
  • 3,5 x 4,5 см фотосурет;
  • Апостильденген неке/туу туралы құжат, жұбайы/баласы үшін (отбасы мүшелеріне визаны рәсімдеу кезінде);
  • Жұбайы/баласы (балалары)-ның визасы үшін қызметкердің төлемақысынан визалық алымды ұстап қалу туралы өтініш.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА 30 КҮНДІК ТӘРТІП БОЙЫНША, ТЕК ҚАНА СІЗДІҢ ВИЗАҢЫЗДЫҢ МЕРЗІМІ ӨТКЕН ЖАҒДАЙДА КІРЕ АЛАСЫЗ

Шетелде

Шетелдік азаматтар өзінің визасын шетелде ұзарту үшін, келесі ақпаратты және құжаттарды мектептің персонал жөніндегі менеджеріне беруі тиіс:

  • Паспорттың көшірмесі;
  • Визаның көшірмесі;
  • Визаны ұзартқан орын;
  • Еңбек шарты (мектептің персонал жөніндегі менеджері береді);
  • Қазақстан Республикасына келген күні;

Визаны ресімдеу мерзімі: шақыру хатын алу (5 жұмыс күні) + визаны ресімдеу (5 жұмыс күні).

*  Егер Сіз шетел құжаттарын заңдастыру талабын жою туралы Гаага конвенциясының мүшесі еғмес елдің азаматы болсаңыз, Сізге қажетті құжаттарды консулдық заңдастыруды рәсімдеу қажет. Гаага конвенциясының мүше елдерінің тізімінде еліңізді табу үшін сілтемеге басыңыз:

https://www.hcch.net/en/instruments/conventions/authorities1/?cid=41

Шығу визасы (В14)

Егер Сіз виза мерзімі аяқталғанға дейін шығып кеткен жағдайда, виза жойылады және шығу визасы беріледі.

Шығу визасын алу үшін өз паспортыңызды мектептің персонал жөніндегі менеджеріне беруіңізді сұраймыз.

Визаны ресімдеу мерзімі:  2-3 жұмыс күні.

Назар аударыңыз, Қазақстан Республикасының аумағында болу талаптарын сақтамау  елеулі құқық бұзушылық болып табылады және Сіз келесідей санкцияларға тап болуыңыз мүмкін:

  • Сізге 70 000 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін;
  • Қазақстанға 5 жыл мерзімге оралуға тыйым салынуы мүмкін, бұл Сізге Қазақстанда жұмыс істеуді жалғастыруға тыйым салады;
  • Сіз қысқа мерзімді бас бостандығыңыздан айырылуыңыз мүмкін;
  • Адвокат пен аудармашы үшін қосымша төлем алынатын болады.

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА КІРУ ТӘРТІБІ

 Жалпы талаптар

Қазақстан Республикасының аумағына кіру/шығу тәртібіне қысқа мерзімде өзгерулер енгізілуіне байланысты, шетел азаматтарына келер алдында ағымдағы жағдайды тексеру ұсынылады.(http://mfa.kz/en).

Осы бөлімде көрсетілген паспорт және визалық ақпарат кәдімгі паспорт иелеріне қатысты. Дипломатиялық, ресми, арнайы және қызметтік паспорттардың иелеріне арнайы ережелер қолданылуы мүмкін екенін ескеру ұсынылады.

ИММИГРАЦИЯ РӘСІМДЕРІН САҚТАМАУ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ШАРАЛАРЫНА ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ТИІСТІ ЕЛГЕ ДЕПОРТАЦИЯЛАУҒА СОҚТЫРУЫ МҮМКІН. ҚАЙТАДАН ЖАСАЛҒАН БҰЗУ ЕЛЕУЛІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.

Шетелдік паспорт

Қазақстанға келген барлық тұлғалар өзімен бірге визаның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап үш айдан ерте мерзімі аяқталмаған, виза және мөртабандарды алуға арналған кемінде екі бос беттен тұратын шетелдік паспорттары болуы керек.

Шетелде тұратын Қазақстан азаматтары кіргеннен кейін, кем дегенде 6 айға жарамды паспорттары болуы тиіс.

Егер Сіз мерзімі өткен паспортты ауыстырсаңыз, көші-қон қызметі тіркеу үшін мектеп әкімшілігіне жаңа паспортыңызды (ескі паспортта жарамды виза болған жағдайда ескі паспортпен бірге) бересіз. Тіркеуге қатысты мәселелер туындамау үшін бізді қажетті құжаттармен барынша тез арада қамтамасыз етуге мүдделі екендігіңізді естен шығармаңыз.

Визасыз кіру

Төменде көрсетілген елдердің азаматтары болып табылатын шетелдік студенттер Қазақстан Республикасына визасыз кіре алады:

  1. Ресей Федерациясы
  2. Қырғыз Республикасы
  3. Армения Республикасы
  4. Тәжікстан Республикасы
  5. Өзбекстан Республикасы
  6. Беларусь Республикасы

С9 Студенттік визасы

“Визасыз кіру” бөлімінде көрсетілмеген елдердің азаматтары, шетелдік студенттер, студенттік виза (C9) рәсімдеуі қажет. Осы виза бірнеше рет кіру мүмкіндігімен 1жыл мерзімге беріледі. Виза жыл сайын жаңартылуы тиіс.

1-ші қадам

Халықаралық ынтымақтастық департаменті құжаттарды студент Назарбаев Университетімен шартқа қол қойылғаннан кейін ғана Көші-қон қызметіне жібереді. Шақыру хаты дайын болғаннан кейін оның көшірмесі Сізге электронды пошта арқылы жіберіледі. Шақыру хаты Сізге бірнеше мәрте виза беру үшін жеткілікті негіз  болып табылады.

Шақыру хат алу үшін халықаралық  студенттер мектептің халықаралық студенттері үшін жауапты  менеджеріне  келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • Толтырылған визалық сауалнама (ішкі, НУ);
  • Паспорттың көшірмесі;
  • Назарбаев Университетімен шарт;
  • Мектеп Деканының ең төменгі есептік индексі 0,5-ке тең мемлекеттік баж төлеу туралы шешімі.

*Егер азаматтық елі мен тұратын жері екі түрлі болған жағдайда, апостильденген ықтияр хат қажет.

2-ші қадам

Шақыру хатын алғаннан кейін, студент барлық құжаттарын виза алуды жоспарлаған жерде, шетелдегі Қазақстан елшілігіне/консулдықтарына жібереді. Өтініш берушінің жеке жауапкершілігі елшілік/консулдық веб-сайтында қажетті құжаттардың тізімін (өтініш, ксерокөшірме, төлем және т.б.) тексеруден тұрады. Бұдан басқа, Сізге виза берілген үшін консулдық алымды төлеу қажет болады.

Әлбетте, келесі құжаттар талап етіледі:

  1. Шақыру хат;
  2. Визаның қолданылу мерзімі 6 айдан кешіктірмей жарамдылық мерзімі бар және паспортты визалық рәсімдеу үшін кемінде 2 бос парақ бар паспорт;
  3. Толтырылған визалық сауалнама (елшілік/консулдықтың веб-сайтында қол жетімді);
  4. 3,5 x 4,5 Фотосурет;
  5. Виза үшін консулдық алым (әуежайлардағы консулдық пункт тек қолма-қол ақша қабылдайды (USD / KZT)

Виза берілуі мүмкін:

  • Сіздің азаматтығыңыздың елінде (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері: консулдық, дипломатиялық және балама өкілдіктері)

Визаны ресімдеу мерзімі: 5 жұмыс күні

  • Келуіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында (консулдық, дипломатиялық немесе балама өкілдіктер болмаған жағдайда визаны алушының азаматтығы бар жерде).

Визаны Ұзарту

Қазақстан Республикасында визаны ұзарту үшін, оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мектеп менеджеріне келесі құжаттарды 10 жұмыс күнінен кешіктірмей беріңіз:

  1. Паспорт;
  2. 3,5 x 4,5 Фотосурет;
  3. Толтырылған визалық сауалнама;
  4. Назарбаев Университетінің студенті екеніңізді растайтын анықтама;
  5. Визалық алым теңгемен төленеді.

Қазақстанда жұмыс істеу

Келесілерді қоспағанда, шетелдік студенттерге Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді:

  • Қазақстанда тұруға ықтияр хаты бар студенттер;
  • 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ келісімшартына қол қойған: Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Армения елдерінің азаматтары болып табылатын студенттер;

Назар аударыңыз, Қазақстан Республикасының аумағында болу талаптарын сақтамау  елеулі құқық бұзушылық болып табылады және Сіз келесідей санкцияларға тап болуыңыз мүмкін:

  • Сізге 70 000 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін;
  • Қазақстанға 5 жыл мерзімге оралуға тыйым салынуы мүмкін, бұл Сізге Қазақстанда оқуды жалғастыруға тыйым салады;
  • Сіз қысқа мерзімді бас бостандығыңыздан айырылуыңыз мүмкін;
  • Адвокат пен аудармашы үшін қосымша төлем алынатын болады.

*  Егер Сіз шетел құжаттарын заңдастыру талабын жою туралы Гаага конвенциясының мүшесі еғмес елдің азаматы болсаңыз, Сізге қажетті құжаттарды консулдық заңдастыруды ресімдеу қажет. Гаага конвенциясының мүше елдерінің тізімінде еліңізді табу үшін сілтемеге басыңыз:

https://www.hcch.net/en/instruments/conventions/authorities1/?cid=41

МИГРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫҢ ТӨЛҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ / ХАБАРЛАУ

Қазақстанға кез-келген категориядағы Қазақстандық 2018 жылдың 1 шілдесіне кейін берілген визасы бар келген шетелдіктер визаның қолданылу мерзіміне тіркелген деп есептеледі.

2018 жылғы 1 шілдеге дейін виза алған шетелдік азаматтардан  Астанаға келгеніңіз туралы мектептеріңіздің менеджерлеріне 3 жұмыс күні ішінде хабарлауыңызды сұраймыз.

Шетел азаматтарының үшін Қазақстанға келу кезінде миграциялық карталарын толтырудың қажеті жоқ.

Қазақстанға визасыз тәртіпте келген басқа мемлекеттердің азаматтары 3 жұмыс күні ішінде паспорттарын Мектептердің жауапты менеджерге беруге міндетті:

  • келу туралы хабарландыру (С3 виза бөлімі жоғарыда аталған 45 елдің азаматтарына қолданылады)

НЕМЕСЕ

  • Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Миграциялық қызметі басқармасында (бұдан әрі – Миграциялық қызметі) тіркелу (Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасында болу құқығына ие басқа елдердің азаматтарына қолданылады). Сіздің төлқұжатыңыз Қазақстанға әр келген сайын, Миграциялық қызметте тіркелуі тиіс.

Тіркеудің рәсімдеу мерзімі: 1-3 жұмыс күн

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайдың өзгеріп жатқан жағдайында өздеріңіздің жауапты менеджерлеріңізге хабарлаңыздар.

Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерлер жəне 3 жұмыс күннен астам Университеттің тұрғын үй қорында болуға жоспарлаған қонақтар (туысқандар, достар, іскерлік серіктестер жəне т.б.), жайында Университеттің қабылдаушы бөлімшесі/ шақырушы, Қазақстан Республикасының Көші-қон қызметіне олардың келуі жəне тұратын мекен жайы туралы хабарлау мақсатында жауапты менеджерлерге кідіртпей хабарлауы тиіс.

Миграциялық қызметте 16 жасқа толмаған /  кәмелетке толмаған қараудағы адамдарға регистрацияға берілмейді. Егер сіздің балаңыз 16 жасқа толса, халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуыңызды және балаңыздың жаңа төлқұжатын беруіңізді сұраймыз.