Назарбаев Университетінің интернационалдандыру

Интернационалдандыру дегеніміз не?

«Ұлттық, салалық және институционалдық деңгейдегі интернационалдандыру халықаралық, мәдениетаралық және жаһандық өлшемдерді жоғары білім берудің мақсаттарына, функцияларына және процесіне интеграциялау болып табылады»

Джейн Найт, 2015 ж

«Интернационалдандыру – университеттің жаһанданудан туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыру стратегиясы, сондай-ақ жаһандық әлемге тарту үшін мамандарды даярлау тәсілі»

Филип Альтбах, 2010 ж

Назарбаев Университетін интернационалдандыру

Назарбаев Университеті 2016 жылдың маусым айынан интернационалдандыру тұжырымдамасының қабылдануынан бастап жүйелі интернационалдандыруға ұмтылады.

Назарбаев Университеті үшін интернационалдандыру студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының ұтқырлығымен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар академиялық, зерттеу және инновациялық қызмет, әкімшілік басымдылық, халықаралық ынтымақтастық, жаһандық байланыс және бәсекеге қабілеттілік, тиісті оқу жоспары және зерттеулер, қажетті тілдік дағдылар, салалық және өңірлік сараптама, Назарбаев Университетін халықаралық білім беру және зерттеулер алаңына көтеру, Назарбаев Университетінің сапасын халықаралық деңгейде тану және шетелдік студенттер мен ғалымдарды тарту, сондай-ақ басқару құрылымын, кампус ортасын, қолдау қызметтері мен реттеу қағидаларын бірыңғайландыру сияқты салаларды қамтиды.

Назарбаев Университетінің интернационалдандыру туралы көзқарасы

Назарбаев Университетін интернационалдандырудың басымдықтары:
1. Университетті құрылымдары мен басқаруды интернационалдандыру
2. Стратегиялық әріптестікті нығайту
3. Халықаралық көпұлтты және академиялық ұтқырлықты алға жылжыту
4. Оқу бағдарламасын интернационалдандыру
5. Зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайту
6. Бәсекеге қабілеттіліктің артықшылықтарын құру және тұрақты халықаралық бенчмаркинг.

Студенттер үшін интернационалдандыру әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік, халықаралық мәселелер мен әлемдік проблемаларды түсіну, халықаралық және мәдениетаралық ортада өзара әрекеттесу және ынтымақтасу, шет тілдерін меңгеру, елдер мен өңірлер туралы біліп, түсіну арқылы өз мамандану саласындағы кәсіби дағдылары мен жаңа технологияларды меңгеру болып табылады.

Назарбаев Университетінің Интернационалдандыру комитеті 2017 жылдың қаңтар айында Университетті интернационалдандыруға жәрдемдесу, идеялар ұсыну және Назарбаев Университетінің әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті болу мақсатын қолдау механизмдерін әзірлеу үшін құрылған. Комитеттің отырысы тоқсан сайын өткізіледі.