Еншілес ұйымдар

NAC logo_finNAC Analytica

«NAC Analytica» корпоративтік қоры 2018 жылдан бері Назарбаев Университетінің еншілес ұйымы болып табылады.
«NAC Analytica» КҚ 2018 жылғы наурызда «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Басқарушы кеңесінің 2018 жылғы 6 наурыздағы №06.03.18 шешімі бойынша құрылды.
ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1) қолданбалы және/немесе іргелі ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
2) Макроэкономикалық модельдеу мен болжауды қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық саясат, монетарлық саясат және қаржы секторы бойынша зерттеулер жүргізу;
3) қоғамдық-саяси ахуалға, әлеуметтік-экономикалық дамуға, іскерлік климатқа және экономикалық конъюнктураға сауал салу;
4) өзінің жарғылық мақсаттарын іске асыру мақсатында ұйымдармен, оның ішінде шетелдік мекемелермен және жеке тұлғалармен байланыс орнату;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру.

 University Medical Center 

University Medical Center (UMC) Назарбаев Университетінің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады. UMC бұрынғы Ұлттық медициналық холдингінің үш клиникасың – Республикалық диагностикалық орталығы,  Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Балалар оңалту ұлттық орталығы  негізінде құрылды.

Білімді жетілдіру орталығы

Орталықтың басты мақсаты НУ студенттері мен қызметкерлерін, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқандарды, олардың академиялық мақсаттарына жету үшін және оқуларын сәтті аяқтау үшін қажетті қосымша ресурстар мен қызметтермен қамтамасыз ету. Орталықтың қызметіне тілдік курстар (ағылшын, қазақ, орыс т.б тілдер), стандартталған тестілерге дайындық курстастарын,магистерлік бағдарламаларға дайындық курстарын, шетелге оқуға түскісі келетіндерге кеңес беру қызметін,педагогикалық мамандарға кәсіби біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және стандартталған тестілерді жүргізу кіреді. Орталық академиялық кемелділікке жету жолында НУ-нің барлық департаменттері және Мектептерімен бірлесе жұмыс істейді. 

National Laboratory Astana

«National Laboratory Astana» жеке мекемесі 2015 жылы Қазақстан Үкіметінің және Назарбаев Университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Назарбаев Университеті «NATIONAL LABORATORY ASTANА» жеке мекемесінің құрамына Өмір туралы ғылымдар орталығы және Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығы кіреді.
Мекеменің негізгі мақсаты өмір туралы ғылымдар, энергетика, және де басқа пәнаралық ғылым саласы бойынша көпбейінді іргелі және/немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық, білімберу мен мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру үшін ғылыми-зертханалық, тәжірибелік базалар, орталықтар, институттар құруды жүзеге асыру болып табылады.

Nazarbayev University Research and Innovation System

«Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесі (бұдан әрі – NURIS), «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Атқарушы кеңесінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен «Энергетикалық зерттеулер орталығы» ЖМ-ні қайта құру және атауын өзгерту жолымен құрылған. NURIS құрылтайшысы «Назарбаев Университеті» ДББҰ болып табылады. Қазіргі уақытта, Назарбаев Университетінде «NURIS» ЖМ-мен бірлесе отырып, Ұлт жоспары – 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамның 63-ші қадамын іске асыру мақсатында, елдің ғылымды қажетсінетін экономикасын қалыптастыруға негіз болатын Astana Business Campus инновациялық кластерін құру және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік даму қоры

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы құрған «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры қордың ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және Университет пен оның ұйымдарына ерікті жарналар мен заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдердің негізінде Қор қалыптастырған мүлікті ұсыну арқылы олардың қызметіндегі мақсаттарды жүзеге асыруда өтеусіз материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсету үшін құрылды.

Nazarbayev University Library and IT services

 “Nazarbayev University Library and IT Services” жеке мекемесі (НУЛИТС)  Назарбаев Университетінің 2011 жылы негізі қаланған еншілес ұйымы болып табылады. Мекеменің басты мақсаты – АТ қызметтерін көрсету және Кітапхананы басқару. Мекеменің негізгі қызметтері болып саналады: Университеттің инфокоммуникациялық инфрақұрылымын сүйемелдеу және дамыту, Университет қызметін ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Университет қауымдастығына ақпараттық-библиографиялық ресурстармен қамтамасыз ету, қызметтер көрсету және Кітапхана қорын қалыптастыру.

   University Service Management

University Service Management (USM)  2010 жылғы 10 тамызда құрылған. USM негізгі қызметі болып табылатындар: университеттің академиялық, ғылыми және әкімшілік кешенінің инфрақұрылымын басқару; студенттердің, оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер мен Университет қонақтарының тұруын ұйымдастыру; жұмыс орнын ұйымдастыру; университет аумағында сервистік инфрақұрылымды дамыту; университет аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; көлікпен қамтамасыз ету; спорт ғимараттарын басқару.

 Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы

«Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы» жеке мекемесі 2010 жылғы тамызда құрылған. Мекеме қызметiнiң негiзгі мақсаты инвестициялық-құрылыс жобаларын басқару болып табылады. Мекеме сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ «Назарбаев Университеті», оның ұйымдарының және басқа тұлғалардың инвестициялық-құрылыс жобалары бойынша тапсырыс берушi (құрылыс салушы) өкiлiнiң функцияларын жүзеге асырады.