Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі вице-провост

Чарльз Суря

Доктор Чарльз Суря Америка Құрама Штаттарындағы Рочестер университетінде электротехника саласында докторлық дәрежесін алды. Оның ғылыми қызығушылығы оптоэлектрондық материалдар мен құрылғылар соның ішінде фотоэлектрик және фотодетекторлар болып табылады.

Доктор Суря қатты материалдар мен құрылғылар саласында 200-дан астам мақалаларды жариялады. 1994 жылдан бастап Гонконг политехникалық университетінің Электрондық және ақпараттық инженерия кафедрасында жұмыс істей бастады. 2007-2010 жылдар аралығында Инженерия факультетіні Деканының орынбасары, ал 2010 жылдан 2012 жылға дейін Инженерия факультетінің Деканы болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап Clarea Au электрондық және ақпараттық инженерия факультетінің энергетика профессоры болып тағайындалды.

2017 жылдың тамызында Доктор Суря Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің Деканы ретінде қосылды.

1997 мен 2013 жылдары аралығында доктор Суря Гонконг филиалының IEEE Electronic Instrumentation Society төрағасы болып тағайындалды. Ол IEEE электрондық құрылғылар қоғамының Оптоэлектрондық құрылғыларының Техникалық комитетінің төрағасы және Электрондық электр құрылғылары қоғамының журналының редакторы қызметтерін атқаруда.