Назарбаев Университетінің Академиялық сапа тұжырымдамасы

Назарбаев Университеті институционалдық сапа мәдениетін дамытуға ұмтылады және студенттер басты рөл атқаратын интеграцияланған басқару құрылымы мен Академиялық сапа тұжырымдамасы арқылы оны үздіксіз жетілдіру идеясын дәріптейді.

Тұжырымдама студенттердің жетістіктері мен бағдарламалар бойынша оқу нәтижелеріне және  НУ түлектерінің құзыретіне қол жеткізуге ықпал ететін академиялық бағдарламалардың жоғары сапасына кепілдік береді.

НУ-дың академиялық сапа тұжырымдамасы және онымен байланысты саясат халықаралық стандарттарға, Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес келеді (2015), Назарбаев Университетінің миссиясы мен стратегиясын қолдайды және ұлттық басымдықтарды көрсетеді.

Тұжырымдама сапаны қамтамасыз ету мен арттырудың институционалдық тәсілін айқындайды және мынадай процестерді қамтиды:

  • Бағдарламаларды бекіту;
  • Бағдарламаның жыл сайынғы мониторингі;
  • Cтуденттерді тарту;
  • Cыртқы шолу;
  • Мерзімді шолу.

Бұл процестер тиісті деректерге негізделген, транспарентті және дәйекті түрде қолданылатын әдістемелік нұсқаулықтармен және тиісті саясаттармен реттеледі.

Қосымша ақпарат алу үшін Академиялық сапа тұжырымдамасын оқып шығыңыз.

Жоғарыда аталған процестермен байланысты қандай да бір сұрақтар туындаған немесе кез келген мәселелер бойынша консультация қажет болған жағдайда бізге academicquality@nu.edu.kz. электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.