Басшылық

Шигео КАТСУ | Президент

Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Назарбаев Университетінің президенті болып табылады. Одан бұрын, Дүниежүзілік банкінде 30 жылдық жұмыс барысында түрлі қызметтер атқарып келді, соның ішінде Қытай финанс секторының реформасына қалдау көрсету бастшысы, Кот д'Ивуардағы банктің жетекшісі, Еуропа және Орталық Азия аймақтары бойынша вице-президенті болып жұмыс істеді. Дүниежүзілік банкінен зейнетке шыққыннан кейін жастарды дамыту мәселесіне қатысты халықаралық бағдарламаларға бағытталған Америкалық үкіметтік емес ұйымдарының Кеңесінің мүшесі болып қызмет атқарды.

2011 және 2015 жылдар арасында АСЕАН+3 (AMRO) макроэкономикалық зерттеу офисінің Кеңестік тобының мүшесі болды. 2010-2011 жылдары Азия даму банкінің «Азия 2050: Азия ғасырының орындалуы» атты кітабінің бірлескен авторы және «Қазақстан 2050 - заманауи инклюзивті қоғам жолында» (2014) атты кітабының редакторларының бірі болды, 2015-2016 жылдары «Орталық Азия 2050: аумақтың потенциалын дамыту» атты кітабына үлесін қосты. Университеттегі қызметіне қоса, Шигео Катсу мырза Қазақстан Республикасының жаңғырту Ұлттық комиссиясы мүшесі, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық даму ұйымдарының кеңесшісі болып табылады.

Адесида Илесанми | Провост

Адесида Илесанми Халықаралық ғылыми және білім беру саласында ғалым және ұйымдастырушы – қызметкер ретінде танымал. Назарбаев Университетінде Провост болып тағайындалғанға дейін Адесида Илесанми Урбана – Шампэйндегі Иллинойс Университетінде (АҚШ) Провост және Академиялық мәселелер бойынша вице-канцлер болып қызмет етті. Ғалым Адесида Берклидегі Калифорния Университетінде электр инженерлігі мамандығы бойынша 1974 жылы бакалавр, 1975 жылы ғылым магистрі және 1979 жылы ғылым докторы дәрежесіне ие болды. 1979 – 1984 жылдар аралығында ол Корнелл Университетінде ғылыми қызметкер және шақырылған ассистент профессор қызметін атқарды.

Ол 1985 – 1987 жылдар аралығында Нигериядағы Тафава Балева университетінде электр инженериясы кафедрасының меңгерушісі болды. 1987 жылы Иллинойс Университетінің оқытушы-профессорлар құрамының қатарына қосылды, онда ол инженерлік ғылым профессоры, электр техникасы және есептеу техникасы профессоры, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар бойынша арнайы кеңесші болып қызмет атқарды. 2000 – 2005 жылдар аралығында ол Микро – және нанотехнологиялар зертханасының директоры, сондай-ақ Нано өлшемді ғылымдар мен технологиялар орталығының директоры (2001-2012 жылдар аралығында) лауазымын атқарды. Осы жылдары ол инженерлік факультетінің деканы болды. Ол білім беру, ғылыми зерттеулер және инновациялық кәсіпкерлік саласындағы көптеген ұлттық/халықаралық әріптестік байланыстар құрды. Адесида Илесанми 350-ден астам рецензияланған мақалалар жариялап, халықаралық конференцияларда 250 – ден астам баяндамалар жасады. Ол электр техникасы және электроника жөніндегі инженерлер институтының, Америкалық ғылымды дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының, Америкалық «Vacuum» қоғамының, Америка «Оптикалық қоғамының» және «Материалдарды зерттеу» қоғамының мүшесі болып табылады. Ол бакалавриат бағдарламалары бойынша білім беру саласындағы жетістіктері үшін «Oakley Kunde» сыйлығына ие болды, сондай-ақ Берклидегі Калифорния университетінің EECS кафедрасының үздік түлегі атанды. 2011 жылы айрықша еңбегі үшін IEEE EDS наградасына ие болды. 2016 жылы электрондық материалдар саласына қосқан зор үлесі үшін TMS бойынша сыйлықтың Джон Бардиннің «Функциялық материалдар» номинациясы бойынша жеңімпазы болып танылды. Доктор Адесида инженерлік бойынша декандардың ASEE кеңесінің мүшесі және 2009-2011 жылдар аралығында оның Қоғамдық саясат комитетінің төрағасы болды. Ол 2012 жылы әлемдік экономика үшін дарындарды дамыту мәселесін талқылау мақсатында Чикагода өткен және бүкіл әлемнің ірі университеттерінің президенттері мен канцлерлері қатысқан, Университеттің Ғаламдық саммитінің 5-сессиясының төрағасы болды.Ол «NSF Engineering» Кеңес беру кеңесі төрағасы, NSF Waterman тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде жұмыс атқарды және CIC пен Провостар комитеттерінде қызмет етті. Ол бірқатар ұлттық академиялар комитеттерінде жұмыс істеді және Америка Құрама Штаттарының беделді Ұлттық инженерлік академиясының мүшесі болып саналады.

Ерден Құсаин | Атқарушы вице-президент

Құсаин Ерден Назарбаев Университетінде 2009 жылдан бастап қызмет етеді. 2017 жылы Атқарушы Вице-президент болып тағайындалу алдында Бас заң кеңесшісі және Вице-президент лауазымында қызмет етті. Одан бұрын ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде, ҚР Президент Әкімшілігінде және қазақстандық заң компанияларында жұмыс істеген. 2001 жылы Казақ мемлекеттік заң академиясын, 2004 жылы Заң магистрі дәрежісінде Дьюк Университетін («Болашақ» стипендиясы), 2009 жылы Мемлекеттік басқару магистрі дәрежісінде Лондон экономика мен саясаттық ғылымдар мектебін («Чивнинг» стипендиясы) бітірген. University Medical Center, Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы, Назарбаев Зияткерлік мектептері қамқоршылық кеңестерінің мүшесі болып табылады.

Қадиша Даирова | Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент

Алматы мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтын «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтында «Филология ғылымдары кандидаты» ғылыми дәрежесін қорғаған. Қазақстан Республикасы СІМ, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Үшінші хатшысы және Қазақстан Республикасы СІМ Екінші хатшысы, Америка және Еуропа департаментінде қызметтер атқарды. ҚазМУ Дипломатия академиясының доценті, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Лингвистикалық орталық» қоғамының негізін салушы және президенті болды.

1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-тағы өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің екіжақты ынтымақтастықтың гуманитарлық мәселелері бойынша кеңесшісі болып қызмет етті. АҚШ пен Канадада Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру бойынша басымды міндет атқарды.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚМЭБИ) даму жөніндегі проректоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Қанат Байғарин | Инновациялар жөніндегі вице-президент

Dr. Baigarin is a Fellow of the Moscow Institute of Physics and Technology. He started his career in 1975 at the Kurchatov Institute of Atomic Energy and in 1989 obtained his Ph.D. in physics and mathematics. In 1990 he was appointed as Head of Laboratory of the Institute. His research activity mainly focuses in the field of nuclear fusion, high current relativistic beams, intensive x-ray beams. In 1993-94 Dr. Baigarin was an Associate of the Leadership for Environment and Development (LEAD) program. Also he has worked as a consultant for the Global Environment Division of Rockefeller Foundation on energy efficiency and renewable energy project in the CIS, after that he was a consultant for the United Nations Development Programme (UNDP), the World Bank and the United States Agency for International Development (USAID).

Қанат Байғарин Әбдуәлиұлы- Мәскеу физика-техникалық институтының түлегі. Еңбек жолын 1975 жылы Курчатов атындағы Атом энергиясы институтында бастап, 1989 жылы физика және математика бойынша кандидаттық дәрежесін қорғаған. 1990 жылы осы Институттың зертхана жетекшісі болып еңбек етті. Оның ғылыми қызметі термоядролық синтез, тогы күшті зарядталған бөлшектерді жеделдету, мықты рентген сәулесінің генерациясы және т.б. тақырыптармен байланысты болды. 1993-1994 жылдарда Қанат Әбдуәлиұлы «Қоршаған орта және даму саласындағы көшбасшылар» атты Халықаралық Рокфеллер қорының бағдарламасы бойынша білім алды.

Ежов Владислав | Қаржы жөніндегі вице-президент

Ежов Владислав 2015-2017 жылдары Назарбаев Университетінің Жоғары Қамқоршылық кеңесі Хатшылығының Бас менеджері лауазымын атқарды. Одан бұрын, 2014-2015 жылдары Ұлттық Медициналық Холдингтің Басқарма төрағасының қаржылық басқару және операция қызмет жөніндегі орынбасары болып қызмет етті. 2008-2011 және 2012-2014 жылдар кезеңінде Ұлттық Талдамалық орталығында, басында Басқарма төрағасының орынбасары және кейін Басқарма төрағасы ретінде жұмыс істеді. 2011-2012 жылдары Ежов мырза Назарбаев Университетінің Атқарушы кеңес төрағасының кеңесшісі лауазымында қызмет еткен. Ұлттық Талдамалық орталығынан бұрын Владислав Премьер-Министр Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалар мониторингі бөлімінің жетекшісі ретінде қызмет етті.

Ежов Владислав өз мансабын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде бастаған. Қаржы министрлігінде ол экономист лауазымынан бастап Мемлекеттік бюджет департаментінің Талдау басқармасының бастығы лауазымына дейін өсті.Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары ретінде қызмет етті. 2004-2007 жылдары ол Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің жетекші сарапшысы және кейін осы бөлім бастығының орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2003-2004 жылдары Маркетинг және талдамалық зерттеу орталығында Басқарма төрағасының орынбасары болған. Ежов Владислав Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген (1992-1996). 2017 жылы ол Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасын бітірген. Ежов мырза "Kazakhstan-2050: toward a modern society for all" (Oxford University Press, 2014) кітабінің бірлескен редакторы болып табылады. «Құрмет» Орденінің кавалері.

Лоретта О’ Доннелл | Академиялық істер жөніндегі вице-провост

Доктора Лоретта О’Донеллдің MBA басқарушы бағдарламасы бойынша жиырма жылдан астам оқытушы-профессорлық тәжірибесі бар. Австралиянын Сидней қаласында орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс (ЖОУ) университетінін Австралия Бизнес мектебінде кандидаттық және жоғары білім алған. ЖОУ – белсенді түрде ғылыми зерттеулермен айналысатын, 100 елден келген 52,000 студенті бар университет. MBA бағдарламасы бойынша соңғы жеті жылдың ішінде бүкіл әлем бойынша ең үздік 50 бағдарламаның рейтингіне кірді.

ЖОУ Академиялық кеңесінің сайланған мүшесі ретінде Лоретта оқытуға, зерделеуге және зерттеуге қызығушылық пен тұжырымдаманы әзірлеу және оны іске асыруды ұшастырды. Ол көптеген даму бағдарламаларын, басқару бағдарламалары мен оқу бағдарламаларына шолуды басқарды. Қаржы нарығына қатысты адами капиталды зерттеп, халықаралық журналдарда бірнеше мақалаларын көптеген жариялады. Көптеген басқару, өзгерістерді басқару және академиялық оқыту мен пәндерді зерделеу саласы бойынша шақырылатын спикер болды. Лореттаның сонымен қатар басқару мәселелері бойынша кеңесберудеге жұмыс тәжірибесі мол, бұл тәжірибені ол Чикагодағы дүниежүзілік ірі фирмада және фирманың басқару жүйесін дамытуға мамандандырылған бөлімінде жинақтады Академиялық біліктілігі: Басқару ісі бойынша ғылым докторы (Маккуори Жоғары басқару мектебі); MBA (АЖБМ, ЖОУ), Педагог және Өнер бакалавры үздік дипломы ( Ньюкасл-апон-Тайм).

Роза Нургожаева | Бас заң кеңесшісі

Осы лауазымға тағайындалудың алдында доктор Роза Нұрғожаева Назарбаев Университеті Халықаралық келісім-шарттарды үйлестіру офисінің директоры лауазымында жұмыс атқарған. Университетке келгенге дейін 2014 жылы доктор Нұрғожаева халықаралық қаржы тобына кіретін коммерциялық банкте 7 жылдан астам заңгер болып жұмыс істеді. Осы лауазымда ол банктік операцияларды, ірі мәмілелерді, бағалы қағаздардың шығарылуын және сот талқылауларын басқаруды жүзеге асырды. Ол Қазақстанда заңгер мамандығын үздік дипломмен бітіріп, экономист дәрежесін алған, сондай-ақ Корнэлл Құқық Мектебінің Құқық Магистрі дәрежесіне және Корнэлл Университетінің Ғылым Докторы атағына ие болды.