Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде Ашық Есік Күні

Нау 16, 2013

Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Сингапурдың Ли Куан Ю атындағы Ұлттық Университетінің Мемлекеттік саясат мектебімен ынтымақтастықта Ашық Есік Күнін өткізеді. 

Өткізілетін күні: 2013 жылғы 26 наурыз

Уақыты: 19.00

Өткізілетін жері: Назарбаев Университеті, 1-блок, 3-қабат, Сенат Залы, Қабанбай батыр даңғылы, 53

Өткізу тілі: ағылшын

2013 жылғы қыркүйекте мемлекеттік саясат саласында алғашқы магистрлік бағдарлама іске қосылады (Master in Public Policy – MPP). Осы 2 жылдық магистрлік бағдарлама кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандарға арналған. Оқуға түсу талаптарын мына жерден алуға болады. 

Ашық есік күніне келіңіздер және НУ ЖМСМ-нің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алыңыздар, өздеріңізге қызықты сұрақтарды қойыңыздар және адамдармен әңгімелесіп, кофе  ішіңіздер.

Осы шараға қатысқыңыз келсе, наурыздың  20-на дейін бізбен хабарласыңыз. 

Email: publicpolicystaff@nu.edu.kz

Tel.: +7 7172 709147, 709149