Қазір түсіңіз! Назарбаев Стипендиясы

Қаң 24, 2012

Назарбаев Университетімен ынтымақтастықтағы Назарбаев Стипендиясы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай «ПрайсуотерхаусКуперс» және Черчилль Колледжі бірлесіп ұйымдастырған Черчилль Колледжінің (Кембридж университеті) пост-докторантурасында 6 айлық стипендия ашылды. Осы стипендия ғылым саласында өз жетістіктерімен танымал болған айтулы Черчилль Колледжінде стипендиат ретінде Кембриджде жұмыс істеу мен тұру мүмкіндігін ұсынады. PhD дәрежесі мен көпшілікке танымал университетпен берілген ғылым докторының дәрежесіне артықшылық беріледі. Сондай-ақ ғылым кандидатының немесе докторының дәрежесі де қарастырылады.

Іріктеу өлшемдері болып табылатындар:

  • Үздік академиялық көрсеткіштер, ғылым саласында тәуелсіз зерттеуші ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы
  • Ағылшын тілін жақсы меңгеру
  • Кембридж университетінің қызмет/зерттеу саласына сәйкес ғылыми және зерттеу мүдделері бойынша ғылыми жобамен жұмыс істеу

Үміткерлер ретінде Қазақстанда 1 жылдан кем емес докторлық/зерттеу жұмыс өтілі және IELTS сертификаты бар (7,5 балл, бірақ оқу және ауызша сөйлеу дағдылары бойынша 7,0 балдан кем емес) тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады.

Зерттеу саласы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басымдылықтарына және Кембридж университеті ұсынған бағыттарға сәйкес болуы тиіс:

  • Ауыл шаруышылығы, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі, өсімдік шаруашылығы, ветеринария және т.б.;
  • Мұнай және газ;
  • Энергияның жаңартылатын көздері;
  • Сирек кездесетін металдар мен материалдар;
  • Атом энергетикасы.

Стипендиат Қазақстанға қайтып келгенде Назарбаев Университетіне, «ПрайсуотерхаусКуперс» және тиісті мемлекеттік органдарға атқарылған ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есепті беруге тиіс.

Толық ақпарат алу үшін бастапқы іріктеу жұмыстарын жүргізетін Назарбаев Университетінің Провост Офисіне хабарласыңыз. Түпкілікті шешімді Черчилль Колледжі 3 ақпанға дейін қабылдайтын болады.

Сіз өзіңіздің өтінішіңізді Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің Провост Офисіне мына электрондық пошта арқылы fellowship_pwc@nu.edu.kz 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін жібере аласыз.

Өтініммен бірге берілетіндер: Өтінім хат және Ғылыми мүдде туралы өтінім-ниет, Түйіндеме, екі референттің аты-жөні, олардан Іріктеу комиссиясы консультация алатын болады, және IELTS (немесе TOEFL) сертификаты.

Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлермен әңгімелесу Астана қаласында 2012 жылғы 31 қаңтарда өтеді.

Кембридж университетінде Бағдарламаның басталуы – 2012 жылғы көктемнің аяғы.