ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРІНДЕ APTIS ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

Ақп 24, 2014

2014-2015 академиялық жылға Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша оқуға түсу емтихандарына қатысу үшін тіркелген құрметті талапкерлер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы өңірлерінде APTIS оқуға түсу емтихандарының І кезеңіне шақырамыз. Емтиханның өткізілетін күні мен орны туралы мына жерден қараңыз

Қала

Емтиханның өткізілетін күні

Емтиханның өткізілетін орны

Өскемен

2 наурыз 2014

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Комсомольская көшесі,43/1

Орал

2 наурыз 2014

42 мектеп-гимназиясы

Московский көшесі, 10А

Емтиханға әкелуге болатын заттар:

1)Қалам

2)Қарындаш

3)Ластик (өшіргіш)

4)Қарындашты ұстауыш

5)Мөлдір бөтелкедегі ауыз суы (0,5 л.)

6)Бет маскасы (суық тиіп ауырғандар үшін)

Емтиханға әкелуге тыйым салынған заттар:

  • Ұялы телефондар (сөндірілген болса да!)
  • Кез келген электрондық құрал
  • Сөмке, кітаптар, дәптерлер мен басқа да жеке заттар

Ортақ балы қойылған талаптарға сәйкес IELTS немесе TOEFL ресми сертификаты бар талапкерлер 2014 жылғы наурызда SET пәндік емтиханына шақырылатын болады.