Назарбаев Университетінің магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу туралы ақпараттық сессиялар

Ақп 13, 2019

18, 19 және 20 ақпанда Назарбаев Университетінің Алматы қаласындағы Өкілдігі, Қабылдау департаменті және Мектептердің профессорлары сіздерді Назарбаев Университетінің магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу бойынша Кешкі ақпараттық сессияларға қатысуға шақырады.

Төмендегі электрондық мекен-жай арқылы тіркелуді сұраймыз: info@nu.edu.kz.

Өтетін орны: Алматы, Қабанбай батыр даңғылы 140/140 а,
Күні: 2019 ж. 18-20 ақпан күндері
Уақыты: сағ.18.00-20.00