Назарбаев Университетінің бренді

Желт 21, 2012

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы қазіргі кезде «Назарбаев Университеті» атауы мен логотипін (тауарлық белгісін), «Назарбаев Университетіне» ұқсас атау мен логотипті (тауарлық белгіні) пайдалану жағдайларының немесе жоғары оқу орнына оқуға түсуге талапкерлер мен студенттерді дайындау жұмысына байланысты қызмет көрсетуге, жарнамаларға, жарнама агенттіктеріне тартылған «Назарбаев Университеті» қызметкерлеріне немесе студенттеріне жүгіну жағдайларының  жиіленіп кеткенін хабарлайды. 

Осыған орай, тұтынушылардың назарына келесіні хабарлаймыз, «Назарбаев Университеті» университетке оқуға түсу бойынша талапкерлерді дайындау қызметтерін көрсетпейді және «Назарбаев Университеті» атынан осындай дайындықты жүргізуге ешқандай өкілеттік берген жоқ, сол себепті осындай сипаттағы хабарландырулар мен жарнамаларға ешқандай қатысы жоқ, сондай-ақ осындай хабарландырулар мен жарнаманы орналастырған тұлғалардың әрекеттері үшін жауап бермейді. 

 «Назарбаев Университеті» осындай сипаттағы хабарландыруларды орналастыратын тұлғаларды былай деп ескертеді, Назарбаев Университетінің логотипі (тауарлық белгісі) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен дараландыру құралы ретінде тіркелген, осыған орай біздің атымызды (тауарлық белгімізді, логотипімізді) тиісті рұқсатсыз пайдалану немесе «Назарбаев Университеті» көрсететін білім беру қызметтері туралы дәйексіз, жалған ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін.