Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына түспей-ақ оқитын бакалавриат бағдарламасына (тікелей түсу) 2020-2021 академиялық оқу жылына онлайн тіркелу ашылды!

Онлайн тіркеудің бірінші кезеңі 2019 жылғы 21 қазаннан бастап 2020 жылғы 16 ақпанға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Стандартты тіркеу 2020 жылдың 17 ақпанынан 30 сәуіріне дейін ашық болады.

Тіркелу үшін admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет құрыңыз, тіркеу жарнасын төлеңіз, талапкер өтінім-сауалнамасын толтырыңыз және кажетті құжаттарды жүктеңіз.

Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына телефондарға немесе электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: 8(7172)64-25-84 info_admissions@nu.edu.kz