Назарбаев Университетіне оқуға түсушілерге арналған хабарландыру

Нау 25, 2020

Құрметті Назарбаев Университетіне оқуға түсушілер!

Елімізде орын алған қиын жағдайды ескере отырып, біз Назарбаев Университеті талапкерлерінің/үміткерлерінің Университетке оқуға түсуде мүмкіндіктерінің бірдей болуы үшін бар жағдайды жасауға тырысамыз. Тестілерді тапсыруға байланысты туындаған қиындықтарға алаңдамауларыңызды сұраймыз, себебі Назарбаев Университеті бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдарын қарастыруда. Назарбаев Университеті бағдарламаларына құжат тапсыруға байланысты уайымдарыңызды жақсы түсінеміз. Университет өз тарапынан оқуға түсушілерді құжат тапсыру үдерісін сәтті аяқтауға қажетті бар мүмкіндіктермен қамтамасыз ететініне сендіреді. Осыған орай, келесіні мәлімдейміз:

Foundation бағдарламасына қабылдау

  • IELTS/TOEFL сертификаттары бар NUFYP бағдарламасының талапкерлері өз сертификаттарын  2020 жылдың 20 сәуіріне дейін тапсырулары тиіс. IELTS/TOEFL сертификаттары жоқ талапкерлердің өтінімдері де олардың оқуға түсу емтихандарынан жинаған балдары негізінде конкурстық іріктеуде қарастырылады. Оқуға қабылдау әділ және ең төменгі балға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Бакалавриат бағдарламаларына қабылдау

  • Бакалавриат бағдарламаларына IELTS/TOEFL және SAT/ACT сертификаттарын тапсыру мерзімі ұзартылды. Яғни, бакалавриат бағдарламаларының талапкерлеріне  IELTS/TOEFL және SAT/ACT сертификаттарын 2020 жылдың 30 маусымына дейін тапсыру қажет. Алайда, онлайн тіркелу мерзімі өзгермейді – 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін. Болашақ емтихандар өткізілмейтін жағдайда,  біз сіздерге өзгерістер туралы бірден хабарлаймыз. 

Магистратура және докторантура бағдарламаларына қабылдау

  • Магистратура және докторантура бағдарламаларының үміткерлеріне онлайн тіркелуді  2020 жылдың 12 мамырына дейін аяқтау қажет, және IELTS/TOEFL сертификаттарын 2020 жылдың 10 маусымына дейін тапсыру қажет (Жоғары бизнес мектебінің бағдарламаларынан басқасы). Болашақ емтихандар өткізілмейтін жағдайда,  біз сіздерге өзгерістер туралы бірден хабарлаймыз. 

 

Төзімділік пен түсіністік танытқандарыңызға көп рахмет! COVID-19ға байланысты туындайтын барлық өзгерістер туралы уақытылы мәлімдеп отырамыз. Жалған мәліметтің алдын алу мақсатында және айқын да өзекті ақпарат алу үшін біздің ресми сайтымызды жіті қадағалауларыңызды және электронды пошталарыңызды үнемі тексеріп отыруларыңызды өтінеміз. 

 

NUFYP бағдарламасына түсу сұрақтары бойынша – https://nu.edu.kz/kk/qabyldau/nufyp-2 

Бакалавриат бағдарламаларына түсу сұрақтары бойынша – https://nu.edu.kz/kk/qabyldau/bakalavriat-2 

Магистратура бағдарламаларына түсу сұрақтары бойынша –  https://nu.edu.kz/kk/qabyldau/magistratura-rezidentura 

Докторантура бағдарламаларына түсу сұрақтары бойынша – https://nu.edu.kz/kk/qabyldau/doktorantura-2  

 

Аман-сау болып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер!

 

Ребекка Картер

Регистратор және студенттер үлгерімі мәселесі бойынша бас директор 

Назарбаев Университеті