Назарбаев Университетінде оқушылар мен студенттерге арналған Программалаудан Екінші Ашық Олимпиада

Нау 27, 2013

Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) NU OPEN программалау олимпиадалары сериясын жалғастырады. Олимпиадалар жылына екі рет өткізіледі: NU OPEN Fall, NU OPEN Spring.

NU OPEN Spring 2013 программалау олимпиадаларында қатысу тәжірибесі бар жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге бағытталған. Компьютерлік ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласында жоғарғы білім алу үшін Назарбаев Университетіне қызмет ететін дарынды жастарды анықтау – олимпиада мақсаттардың бірі.

NU OPEN Spring 2013 Олимпиада форматы – келесі ерекшеліктермен берілген АСМ ICPC форматындағы Индивидуалды олимпиада:
•    Іштей және сырттай (интернет арқылы) қатысушылық  көзделеді
•    Ұзақтығы – 5 сағат
•    Есептер ағылшын тілінде беріледі.

Өткізу уақыты – 31 наурыз 2013 жыл
Ішкі сайыстың мекен-жайы – Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 53, 5-ші блок, кітапхананың 2-ші қабаты
Олимпиада Астана уақыты бойынша 12:00–де басталады.
Аяқталуы – 17:00
Марапаттау рәсімі – 17:30

Олимпиада http://acm.nu.edu.kz/cgi-bin/register сайтында өтеді.

Программалау тілдері: C++ (g++), C (gcc), Free Pascal, Python, Java.

Ұйымдастыру комитеті анықтаған барлық таңдаулы қатысушыларға үздік қатысу туралы сертификат emailге жіберіледі.

Олимпиада демеушісі – ЖШС «Open Technologies Group» астаналық компаниясы, http://www.otgroup.kz/

NU OPEN Spring 2013-те қатысу ақысыз. Сонымен қатар, Астанада ішкі сайыста бірінші он орын алғандарға демеушіден ақшалай сыйлық беріледі. Бірінші орын – 40 мың тг, 2-ші – 25, 3-ші – 20, 4-ші – 15, 5-ші – 10, …, 10-шы орын – 10 мың тг.

Ішкі сайыс кезінде демеуші қатысушыларды тамақпен қамтамасыз етеді.

Қатысам деушілерге http://acm.nu.edu.kz/cgi-bin/register сайтында тіркелу керек.

Жарысқа тіркелу кезінде Group міндетті ая болып саналады: егер сіз іштей сайысқа қатысқыңыз келсе, «on-site» деп енгізіп жазыңыз, егер де сырттай болса – «remote».

Ішкі сайысқа онлайн тіркелу 31 наурыз 8:00-де аяқталады. Назарбаев Университетінде ішкі сайыс қатысушыларының физикалық тіркелуі – 31 наурыз, 11:00-11:30.

Байланыс емайлі: info.nu.open@gmail.com
Байланыс телефоны: +77017332506

Барлық қатысушыларға сәттілік!