Назарбаев Университетінде NU OPEN Fall 2012 бағдарламалау бойынша Бірінші Ашық Олимпиада өтті

Қар 18, 2012

Назарбаев Университетінде NU OPEN Fall 2012 бағдарламалау бойынша оқушыларға арналған Бірінші Ашық Олимпиада өтті. 

Олимпиаданың ұйымдастырушысы Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) олимпиадаға қызығушылық білдірген барлық қатысушыларға өзінің алғысын білдіреді.

Олимпиаданың нәтижелерін мына сайттан алуға болады: http://acm.nu.edu.kz/nu2012/standings.html

Ұйымдастырушылардың мақсаты оқушылардың бағдарламалаудағы мүмкіндіктері мен дайындық деңгейін бағалау және оларға келешекте университет таңдауға көмек көрсету болып табылады.

Жарыс 4 сағатқа созылды. Ұсынылған 8 есептің екеуі шешілмей қалды.  Жеке олимпиада АСМ форматында өткізілді. 

Тіркелген 188 адамның ішінен 130 адам қатысты. 100 адам кемінде 1 есеп шығаруға әрекет жасады.

Қатысушылардың ішінде 35 мектептен,  15  университеттен, 22 қаладан және 3 елден келген  жоғары сыныптың оқушылары, студенттер мен магистранттар бар. 

Қорытынды нәтижелерді хабарлаудың алдында Ұйымдастырушы комитет олимпиадаға қолдау көрсеткен және қатысқан адамдар мен бөлімшелерге алғыс  білдіруді міндет деп санайды.

Ұйымдастырушы комитет:

1. Есептер мен мәтіндерді әзірлеген Артем Игіліковтің тобына;

2. Техникалық бөлігін әзірлеген НУ-дың АТ-қолдау тобына; 

3. Олимпиаданың техникалық директоры, турдың өткізілуіне жауапты болған,  НУ тобының капитаны Сергей Макагоновқа; 

4. Жас әріптестеріміз, түрлі IOI байқауларының жеңімпаздары – Алдан Али-Амирге, Мади Хамитбековке және АҚШ, Ресей, басқа да елдерде білім алып жүрген қазақстандықтарға, сондай-ақ КБТУ, МУИТ, НУ, МГУ мен басқа да университеттердің студенттеріне, математикадан және информатикадан республикалық және Жаутықов атындағы олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ерекше  алғыс білдіреді. 

Олимпиада ойдағыдай сәтті өтті. Күштілер жеңді.

Ұйымдастырушы комитет екі қатысушыға 1-ші орын берді. 8 тапсырманың алтауын шеше білген Атырау қаласындағы ҚТЛ-дің 11 сынып оқушысы Елдар Аймақов 1-орынға ие болды. Көбірек уақыт  ішінде дәл осындай 

6 есеп шығарған 10 сынып оқушысы Нұрлан Жүсіповке де  1-орын берілді. 

Ұйымдастырушы комитеттің шешімі бойынша екінші орын 5 есеп шығарған, НУ  Ғылым және технологиялар мектебінің 2 курс студенті Нұрлан Қанапинге берілді.

Кейінгі 4-17 позицияны 4 есеп шығарған қатысушылар алып отыр. Олардың барлығына үшінші жүлделі орын берілді. Бұлардың арасында мектеп оқушылары, бағдарламалау бойынша өз университеттерінің құрама командасы үшін дүниежүзілік чемпионатқа қатысқан студенттер бар. 

3 есеп шығарған қатысушылар Ұйымдастырушы комитетінен Құрмет грамоталарын алды, олар қорытынды нәтижелер кестесінде 18-32 позицияны алып отыр. 

Келесі Олимпиада 2013 жылдың көктемінде өтеді.

P.S. Ақпарат үшін: нәтижелер кестесінде нөльдердің бар болуы көптеген жағдайларда қатысушының есепті мүлдем шеше алмағандығын көрсетпейді, бұл ойыншылардың тіркеліп, бірақ байқауға қатыспағанын білдіреді. 

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз,
Ұйымдастырушы комитет атынан
NURIS-тің Кеңесшісі
Ф. Гаджиев