Назарбаев Университетінде «Бағалау және алға жылжу – ETS тесттері өз мекемеңіздің жетістігі үшін» конференция өтеді

Қыр 10, 2018

ETS Global (Learning Testing Global) халықаралық компаниясымен әріптестік шеңберінде Назарбаев Университеті Білімді жетілдіру орталығына TOЕIC® тестін жүргізу құқығы берілді, оған 160-тан астам мемлекеттердегі қолдаған және 14 000-нан астам ұйымдар сенеді, TOЕIC® ағылшын тілін бағалау саласында алтын стандарт ретінде белгілі.

TOEIC® тестін білімді тестілеу саласында жаhандық көшбасшы болып табылатын Educational Testing Service (ETS) әзірледі. TOEIC® жүйесі іскерлік ағылшын тілі білімін сертификаттау саласындағы алдыңғы қатарлы жүйе болып табылады. 35 жылдан астам уақыт бойы TOEIC® бағдарламасы көшбасшы болып табылады және жұмысқа қажетті ағылшын тілін бағалау дағдыларын дамытады. Бүгінде көптеген компаниялар жұмысқа орналасқанда және одан әрі жоғарлаған кезде ең төменгі TOEIC баллын талап етеді.

Конференция халықаралық әріптестікті дамыту мен ағылшын тілі білімін халықаралық сертификаттау саласында қазақстандық ұйымдар мен компаниялардың ықпалдастық етуінің өзіндік бір алаңына айналады, сонымен қатар нетворкингке мүмкіндік береді. ETS Global өкілдері халықаралық тестілеуді өткізу бойынша өз тәжірибесімен бөліседі және әлемдік қоғамдастықта TOEIC® тестін өткізу жайында ең үздік әңгімелерін айтады.

Конференция шеңберінде халықаралық тестілерді қолдану және оның болашағына қатысты мәселелерді талқылайтын сессиялар ұйымдастыру жоспарлануда. Қатысушылар әлемдік ETS Global сарапшыларына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қоя алады, халықаралық ұйымдардың тәжірибесімен танысады, сонымен қатар қатысушылардың маңызды тұлғалардан кеңес алу және әртүрлі ұйымдардың өкілдерімен байланысқа түсу мүмкіндіктері болады.

Конференцияға министрліктер мен үкіметтік мекемелер, ұлттық және халықаралық компаниялар, жоғарғы оқу орындары, мектеп және ҮЕҰ өкілдері қатысады.
Конференцияға қатысу үшiн келесі сілтеме бойынша тіркелуді сұраймыз http://www.conferenceastana2018.etspoland.org/KZ/
Тіркелудің соңғы мерзімі – 15 қыркүйек 2018 жыл.
Конференцияға қатысу жайында сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлердің біріне қоңырау шалыңыз: 70-63-74, 69-27-05 немесе электрондық пошта арқылы: lkral@etsglobal.org.