Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі (ЖББМ) магистратура және докторантура бағдарламаларына құжаттарды қабылдау мерзімдерін жариялайды!

Қаң 19, 2018

2018-2019 академиялық жылға «Білім беруді басқару саласының магистрі», «Көптілді білім беру саласының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар магистрі» және «Білім беру саласының философия докторы» бағдарламаларына онлайн тіркелу 2018 жылғы 18 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Құжаттарды тапсыру үшін admissions.nu.edu.kz сайтында тіркеуден өтіп, талапкердің сауалнамасын толтыруыңызды сұраймыз.

ЖББМ-нің магистратура және докторантура бағдарламаларына құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына мекен жайға хабарласуыңызды сұраймыз:

Қабылдау департаменті
Tел.: 8 (7172) 706383, 706125
admissions.gse@nu.edu.kz