Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитралық ғылымдар мектебінің «Өмір туралы ғылымдар саласындағы PhD», «Физика саласындағы PhD» және «Математика саласындағы PhD» бағдарламаларына қабылдау үшін тіркеу басталғаны туралы хабарлайды.

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитралық  мектебінің «Өмір туралы ғылымдар саласындағы PhD», «Физика саласындағы PhD» және «Математика саласындағы PhD»  бағдарламаларына онлайн тіркелу 2020 жылғы 30 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 маусымына дейін жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру үшін тіркеуден өтіп, өтінім нысаның толтыруыңызды сұраймыз. 

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін осы сілтемені қолданыңыз.

Жоғарыда аталған бағдарламаларына түсу және онлайн тіркелу мәселелері бойынша Қабылдау департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. 

Ақпарат алу үшін: Tел.: 8 (7172) 64 25 84

 Email: graduate.ssh@nu.edu.kz