Назарбаев Университеті Университет алдындағы Дайындық бағдарламасына (NUFYP) ақылы оқуға қабылдауға онлайн тіркелу басталғанын жариялайды!

Сәу 14, 2017

2017-2018 академиялық оқу жылына  Университет алдындағы Дайындық бағдарламасына ақылы оқуға түсу үшін онлайн тіркелу 2017 жылдың 14 сәуір мен 26 маусым аралығында өтеді.

Конкурсқа  қатысу үшін талапкерлер SAT және/немесе ACT, IELTS немесе TOEFL нәтижелері бар болуы қажет немесе олар онлайн тіркеу аяқталғанға дейін аталған емтихандарға тіркелуі тиіс.

Тіркелу үшін талапкер admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет құрып, талапкер өтінім-сауалнамасын толтырады.

Ақылы оқуға түсу конкурсына қатысу талаптары мына бөлімде көрсетілген.