«Назарбаев Университеті» инновациялық кластерді дамыту

Мам 13, 2013

 «Назарбаев  Университеті» инновациялық  кластерді дамыту аясында  2013 жылы конкурс өткізуді көздеп отыр, осыған орай Университеттің ғылыми қызметкерлері өздерінің коммерциялау әлеуеті бар жобаларын 2013 жылғы 15 қаңтарға, 15 мамыр мен 15 қыркүйекке дейін өтінім беру мерзімдері ішінде ұсына алады. Кейіннен  «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ Коммерциялау офисі жобалардың нарықтық коммерциялауға сәйкестігіне халықаралық сараптама жүргізеді және қаржыландыру түрі туралы шешім қабылдайды.   

Бірінші кезең ішіндегі халықаралық  сараптамадан өткен жобаларды қарастыру нәтижелері бойынша 4 жобаны өнім прототиптерін тәжірибелі өндірумен бірге оларға маркетингтік талдау жасау мақсатында Тәжірибелік-эксперименттік цехтың (пилоттық  технопарк) алаңында іске асыру шешімі қабылданды.  

Жоба басшылары аталған конкурстың қорытындылары туралы тиісті түрде электрондық пошта арқылы хабардар етілді.