Назарбаев Университеті халықаралық стандартталған тестілеудің ресми әкімшісі болды

2019 жылдың 16 сәуірінде Назарбаев Университеті ETS Global халықаралық стандартталған тестілеу саласындағы әлемдік көшбасшысымен келісімшартқа қол қойды. Келісім шарт аясында Назарбаев Университеті TOEIC®, TOEFL Primary®, TOEFL Junior®, TOEFL ITP® халықаралық стандартталған тестілеудің ресми әкімшісі болды.

TOEIC® (Test of English for International Communication TM) ағылшын тілін меңгерген және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың ағылшын тілі білімін, меңгеру деңгейін және шеберлігін анықтайтын халықаралық стандартталған емтихан болып саналады. TOEIC® емтиханды қолданатын халықаралық ұйымдардың жарқын мысалдары: Starbucks, KPMG, SONY, HUAWEI, B. Braun Sharing Expertise және т.б.

TOEFL Primary® 8 және жоғары жастағы жас студенттердің жалпы ағылшын тілін білуін бағалауға арналған: атап айтқанда оқу, тыңдау және сөйлеу қабілеттерің бағалайды. Бұл тест студенттердің қабілеттері туралы ақпарат көмегімен оқу және оқыту процесің халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз етеді.

TOEFL Junior® мектептегі оқушылардың академиялық және әлеуметтік дағдыларын нақты және сенімді бағалауды ұсынады (11+ жас).

TOEFL iTP® – студенттерді шетелдік ЖОО-на, оқу бағдарламалары мен тілдік курстарға алу үшін, сондай-ақ, шетелдік оқу бағдарламаларына алу және стипендия беру құқығын анықтау мақсатында студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау үшін қорытынды тестілеу ретінде өткізілетін әлем бойынша ең кең таралған ағылшын тілі тесті. 

TOEIC® және TOEFL Family of Assessment® тесттерін тапсыру туралы қосымша ақпарат алу үшін Үздіксіз білім беру департаментіне хабарласыңыз: Назарбаев Университеті, 7 блок, каб. 7е119, телефон +7 (7172) 70 63 74 және 70 92 83.