Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебінің құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

Сәу 27, 2017

Ғылым және технологиялар мектебінің магистратура бағдарламаларына онлайн тіркелу 2017 жылғы 30 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартылды.

Құжаттарды тапсыру үшін тіркеуден өтіп, талапкердің сауалнамасын толтыруыңызды сұраймыз.

Бағдарламалар бойынша толық ақпарат алу үшін мына сілтемені қолданыңыз.

Ғылым және технологиялар мектебінің бағдарламаларына құжаттарды  қабылдау мәселелері бойынша Қабылдау департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Tел. 8(7172) 705884

Email: graduate.sst@nu.edu.kz