Назарбаев Университеті Ғылым және технологиялар мектебі магистратура бағдарламаларына құжаттарды қабылдау мерзімдерін жариялайды!

Ақп 21, 2017

2017-2018 академиялық оқу жылына «Биология ғылымдарының магистрі», «Компьютерлік ғылымдар саласындағы ғылым магистрі»,  «Робототехника саласындағы ғылым магистрі» және «Физика саласындағы  ғылым магистрі» бағдарламаларына онлайн тіркелу 2017 жылғы 21 ақпаннан бастап 2017 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Құжаттарды тапсыру үшін admissions.nu.edu.kz  сайтында тіркеуден өтіп, талапкердің сауалнамасын толтыруыңызды сұраймыз.

Ғылым және технологиялар мектебінің магистратура бағдарламаларына құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз:

Қабылдау департаменті

Tел.: 8(7172)705884

graduate.sst@nu.edu.kz