Назарбаев Университеті ғалымдар, саясаткерлер мен реттеушілер үшін тегін семинар өткізеді

Мам 4, 2018

2018 жылдың 2-5 шілдесінде Назарбаев Университеті Дарем университетімен бірлесе отырып, Астана қаласында «Азиядағы металл кеніштерінің ластанған су объектілерін қалпына келтіру» тақырыбында семинар өткізеді.

Барлық қатысушы елдердегі академиктер, саясаткерлер мен реттеушілер үшін семинар үш негізгі мақсат қояды:
Біріншіден, осы салада жұмыс істейтін ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаңа зерттеулерді ынталандыру және зерттеу әлеуетін құру;
Екіншіден, зерттеушілерге, саясаткерлерге және студенттерге өрістегі арзан адсорбенттерді пайдалану үшін идеяларды талқылауга мүмкіндік беру;
Үшіншіден, GCRF қорына конкурстық өтінім жасау үшін жақсы негіз қалыптастыру.

Семинар үш күн бойы презентациялар, кішігірім топтардағы сурақ-жауап сеанстары мен пікірталастар арқылы ұйымдастырылады.

Аталған мәселелер iшiнде:

  •  Ауғанстандағы, Үндістандағы, Қазақстандағы, Пәкістандағы, Түркиядағы лас судың жоллары туралы білім – сапардың дәл орны хабарландырылады,
  • Суды металлдан тазартуға арналған арзан адсорбенттермен танысу,
  • Таңдалған кейстегі су торабын тазарту үшін ең жақсы адсорбенттердің таңдамасын кеңейту тәсілдерін талқылау,
  • Металл кеніштеріндегі ластанған суды таразартуға арналған ең қолайлы адсорбенттерді қолдану және Азияның GCRF конкурсына ұсыныс дайындау.

Семинарға қатысу үшін ақы алынбайды.

Тіркелу үшін тіркеу формасын жүктеп, оны толтырып, жіберуді сұраймыз:  Blanca.Racionero-Gomez@levinsources.com, zakhmetyali@gmail.com немесе gaukhar.meldebekova@nu.edu.kz хабарласыңыз.

Тіркелу 2018 жылдың 15 мамырында аяқталады.

Қош келдіңіздер! Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыз: Blanca.Racionero-Gomez@levinsources.com