Назарбаев Университететінің докторантура бағдарламаларына 2020-2021 академиялық оқу жылына онлайн тіркелу ашылды.

Онлайн тіркелудің бірінші кезеңі (ерте тіркелу) басталды. 

Білім беру саласындағы философия докторы, Мемлекеттік саясат саласындағы философия докторы, Еуразиялықзерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар докторы бағдарламаларына онлайн тіркелу мерзімі:

Ерте тіркелу: 2019 жылдың 11-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда) тіркеу төлем ақысыз жүргізіледі.

Стандартты тіркелу:  2020 жылдың 17-ші ақпаннан  2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Тіркеу жарнасын төлеу міндетті.  Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты.

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына телефонға немесе электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз.

 

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:

Email: Info_admissions@nu.edu.kz

Телефон: +7 /7172/ 642 584