Мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасына қабылдау жариялаймыз

Мау 13, 2012

Назарбаев Университеті Білім беру саясаты орталығының жанындағы
Орта жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер үшін педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау курсы

Білім беру саясаты орталығы 2012-2013 жылдарға орта жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер үшін педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау курсынының жүзеге асырылуына дайындық жүріп жатқаны жөнінде хабарлайды.
Курстың мақсаты: орта жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер үшін педагогикалық кадрларды заманауи, озық педагогикалық теорияны зерттеу мен сабақ берудің практикалық әдістеріне оқыту, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту әдістемесін қоса алғанда, сонымен қатар ағылшын тілін жетілдіру арқылы даярлау және қайта даярлау.
Курс серіктес шетел университетінің қатысуымен құрылған, сабақтардың барлығын шетел мұғалімдері жүргізеді.

Оқу түрі – толық
Оқу мерзімі: 10 ай
Оқу тілі: Ағылшын

Біліктілікті арттыру курсынның оқу шығындары мемлекет тарапынан төленеді.
Біліктілікті арттыру курсына қабылдау үміткерлерді конкурстық іріктеу негізінде жүргізіледі. Біліктілікті арттыру курсына түсу үшін үміткерлер іріктеудің мынадай талаптарына сәйкес келуі қажет:
• ҚР азаматтығы
• Жоғары білім
• IELTS немесе TOEFL халықаралық сертификатының болуы:
– Ағылшын тілі мұғалімдері үшін – IELTS 5.0
– Пән мұғалімдері үшін – IELTS 4.0
Курсқа тіркеудің басталуы мен конкурстық іріктеу өткізудің күні туралы ақпарат Назарбаев Университетінің сайтында www.nu.edu.kz орналастырылады.

Қосымша ақпарат:
Жобаның менеджері,
Әшірбеков Әділ,
тел.: +7 7172 706627
e-mail: aashirbekov@nu.edu.kz