Медиа және Ақпараттық Сауатылық Күні

25-қазан,
сағат 16:00-18:00,
Кітапхана, Конференц зал (5Е.228, 2-қабат)
Тіркелу мына сілтеме бойынша

НУ Кітапханасы Медиа және Ақпараттық Сауаттылық (МАС) саласындағы білім беру тәжірибесін жақсарту мен ынтымақтастықты күшейту жұмыстарын жалғастыруда. Осыған орай, 25-қазан 2019 жылы Медиа және Ақпараттық Сауаттылық Күні атап өтіледі. МАС Күні жыл сайынғы өткізілетін ЮНЕСКО-ның 24-31 қазан аралығындағы болатын Ғаламдық Апталығының аясында атап өтіледі. 2019 жылғы Күннің
тақырыптамасы – “МАС азаматтары: Хабардар, Жұмылдырылған және Өкілетті”.
НУ Кітапханасы білім беру жүйесін реформалаудағы көсбасшыларды дайындау сияқты Университеттің стратегиялық мақсаттарын қолдап қана қоймай, сонымен қатар, студенттер және жалпы азаматтардың 
МАС дағдылары мен құзыреттерін дамытуға үлес қосуда.

Іс-шараның мақсаттары:

  • Азаматтарды Қазақстанда өткізілетін МАС-ты дамытуға байланысты өткізілетін науқандар мен стратегиялар жайлы хабардар ету
  • Азаматтарға мін тақпай, ешқандай цензурасыз еркін пікірталастарға қатысуына мүмкіндік беру және өз ойын еркін жеткізуге тұғырнама жасап беру
  • Әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күресіп жүрген азаматтардың мүмкіншіліктерін кеңейту

Форум спикерлері:
Алия Исенова, инфлюенсер, блогер
Ерлан Сакенов, Фейсбуктағы “Кім? Қайда? Қашан?” тобының администраторы
Асель Ибадулла, НУ Студенттер басқармасының Президенті (2019)
Тастайбек Нурмуханов, НУ студенті, Oyan Qazaqstan белсендісі
Айгерім Мурзабаева, НУ Білім беру Мектебінің түлегі, Л.Н.Гумилев Универститеті, журналистика және саясаттану факультетінің деканының ғылыми жұмыстары бойынша орынбасары
Анна Коэен Миллер, НУ Білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, гендерлік ғалымдар Косорциумының ортақ құрылтайшысы
Жылдыз Оразымбетова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық Университетінің ғылыми кітапханасы, ғылыми әдебиеттер бөлімінің басшысы
Марал Нуралина, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық Университетінің электрондық ресурстар бөлімінің меңгерушісі
Джозеф Яп,  Аға сарапшы, Aқпараттық-библиографиялық қызмет, НУ кітапханасы  

Форум орыс және ағылшын тілінде

Тіркелу мына сілтеме бойынша

NULibrary
+7 (7172) 70 62 55
library@nu.edu.kz
www.library.nu.edu.kz