«Master in Public Policy» магистерлік бағдарламасына қабылдау ашық

Қаң 30, 2013

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (ЖМСМ) Master in Public Policy (MPP) алғашқы магистрлік бағдарламасына құжаттарды қабылдау 28 қаңтардан 31 мамырға дейін ашық деп жариялайды. 

Бағдарлама – 2 жыл күндізгі оқу. Оқыту тілі – ағылшын. ЖМСМ-нің алғашқы студенттері мемлекеттік оқу гранттарына ие болу мүмкіндігі бар. 

Оқу қабылдау үшін талапкер келесі құжаттарды онлайн немесе қағаз түрінде тапсыруы тиіс. 

Құжаттарды онлайн тапсыру үшін порталында тіркеліп, жеке кабинетте анкеталық форманы онлайн толтырып, қажетті құжаттарды жүктеу керек. Тек қана «Жіберу» түймесін басқаннан кейін құжаттар ЖМСМ қызметкерлеріне ашық болады. 

Құжаттарды қағаз түрінде қабылдау үшін үміткерлер анкета жүктеп алып, толтыру қажет, барлық қажетті құжаттарды жинап, ЖМСМ мекен-жайына поштамен немесе жеке алып келу қажет. 

Барлық құжаттар ағылшын тілінде немесе ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс. 

Толықтай ақпаратты осында табуға болады.