IT және кітапханалық қызметтер көрсету

Ақп 23, 2017

«Nazarbayev University Library and IT Services» жеке мекемесі («NULITS» ЖМ) ұйым қызметінің үдерісіне қолдау көрсететін ақпараттық жүйелерді, технологиялар мен сервистерді енгізуді, сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады, сонымен қатар «Назарбаев Университеті» Ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының ЖОО кітапханашылары үшін «ЖОО кітапханашыларының жұмысындағы заманауи технологиялар мен тәсілдер» бағдарламасы бойынша тренингтер өткізеді.
«NULITS» ЖМ Сіздердің назарларыңызға IT технологиялары мен ақпараттық-кітапханалық қызмет саласындағы төмендегі қызмет түрлерін ұсынады:
•    ақпараттық жүйелер мен сервистерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу (1С базасында CRM, Admissions, Office the Registrar, Library, Moodle, ERP және т.б.);
•    Тапсырыс берушінің қажеттілігіне бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және енгізу;
•    сайттардың дизайнын әзірлеу, толығымен аяқталған сайттарды жасап шығару;
•    мобильдік қосымшаларды жасау (iOS, Android, Windows Phone);
•    есептеуіш қуаттылығын жалға беру;
•     «Назарбаев Университеті» ДБҰ деректерін сақтау және өңдеу орталықтарында серверлік жабдықтарды орналастыру;
•    ұйымдық және компьютерлік техниканы сүйемелдеу, жөндеу және жалға беру;
•    конференцияларды, форумдарды, семинарларды, тренингтерді, спорт және ойын-сауық іс-шараларын өткізу үшін жабдықтарды техникалық сүйемелдеу және жалға беру;
•    телекоммуникациялық қызмет көрсету;
•    Тапсырыс берушінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
•    жоғары білім беру мен ғылыми-зерттеу процесіне ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің халықаралық стандарттарына, заманауи нысандарына сай инновациялық кітапханалық технологиялар бойынша тренингтер өткізу (лекциялар, практикалық сабақтар, тестілік тапсырмалар, пікірталастар, вэбинарлар және т.б.).
Жоғарыда аталған қызметтерді көрсету, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және ақпараттық-кітапханалық қызмет саласындағы басқа да жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндігін Сізбен талқылауға дайынбыз.
IT технологиялары мен ақпараттық-кітапханалық қызмет саласында қызмет көрсету бойынша барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электронды мекенжайға жіберіңіздер: events_nulits@nu.edu.kz.