Энергетика саласындағы Total жазғы мектебі

Total 2019 жылдың 13 мамыр мен 17 мамырдың аралығында Назарбаев Университетінде өтетін «Total Energy Summer School» (Энергетика саласындағы Total жазғы мектебі)-дың екінші шығарылымын ұйымдастыруда.

«Total Energy Summer School» жоғары бакалавриат және магистратура курс студенттеріне, соның ішінде энергетика саласындағы студенттерге (мұнай-газ, мұнай-химия, геология және қоршаған орта) және энергетика саласына байланысты басқа саладағы білім алып жатқан студенттерге (Халықаралық Қатынастар, Халықаралық Құқық, Бизнес және Менеджмент) арналған.

«Total Energy Summer School» жобасының жалпы мақсаты – халықаралық тәжірибелі сарапшыларының Қазақстан студенттерімен теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларымен бөлісуі болып табылады.

«Total Energy Summer School» аясында 2019 жылдың 13 мамыры өткізілетін дөңгелек үстел қатысушылары «Total» сарапшылары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, энергетика министрлігінің, өнеркәсіп қауымдастығының, ұлттық компаниялардың, университеттердің өкілдері мен бизнес серіктестер болып табылады. Дөңгелек үстел «Developing more competitive oil & gas and renewables sector of the Republic of Kazakhstan through enhanced educational programs and sharing of best practical industrial experience» тақырыбы бойынша өткізіледі. Бұл дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Шетелдік инвесторлар кеңесінде қабылданған шешімімен техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған.

Тегін жазғы мектепке жазылғыңыз келсе, мұнда басыңыз.