Деректі кітаптың тұсаукесері

Мау 12, 2018

Назарбаев Университетінің кітапханасы танымал қазақстандық журналист Гүлнар Бажкенованың  «Жігер, жүрек және ниет болса…» атты деректі кітабының тұсаукесеріне шақырады.  Бұл кітапта  мұғалімдер мен ұстаздардың күн сайынғы инклюзивті білім беру саласында атқарып жатқан қыруар жұмысы жайында баяндалады.  

Автор, кітапқа арналған материалды жинау барысында  Қазақстанның аймақтарындағы шағын қалалар мен ауылдардың мектептеріне, балабақшаларына және  арнайы мектеп-интернаттарына  барды.

 Кітаптың тұсаукесерінде сіз  :

  • сізді қызықтырған сұрақтарды авторға тікелей қоюға
  • кітап кейіпкерлерімен танысуға
  • автордың қолтаңбасымен кітап алу мүмкіндіктеріне ие боласыз.

Кітаптар саны шектеулi. Оның баспа нұсқасын алғашқы келген оқырмандар ала алады. электронды нұсқасын келесі сілтемеден жүктеуге болады:

https://bit.ly/2kqtgkl

Тіркелу:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdxiUR_ymgYD0DLxbvL3bgYpXvTvR2qRwKyJ4gNXc75CvDUZQ/viewform