Дәрістер сериясы Топырақ-Өсімдік-Атмосфера трансфері моделдеріндегі (ТӨАМ) топырақ және жер бетін физикалық параметризациялау

Мам 15, 2018

2018 жылдың 21-25 мамыр күндері Назарбаев Университеті Рединг Университетімен бірге Эрасмус + қолдауымен « Топырақ-Өсімдік-Атмосфера трансфері моделдеріндегі (SVAT) топырақ және жер бетін физикалық параметризациялау» тақырыбында дәрістер сериясын ұйымдастырады. Дәрісті Рединг Университеті (Ұлыбритания) топырақ физикасы және микрометеорология кафедрасының профессоры Энн Верхоф өткізеді.

Бұл қысқаша дәріс топтамасы оқушыны топырақ-өсімдік-атмосфера (ТӨА) жүйесінде жылу, су буының (және CO2) берілуіне байланысты негізгі процестерді түсінуді қамтамасыз етеді. Бұл процестерді ТӨА трансфер модельдері (ТӨАМ) арқылы модельдеуге үйретеді. Моделге қажетті негізгі параметрлерге, сондай-ақ атмосфераның / топырақтың / өсімдіктердің жай-күйінің айнымалы мәндеріне және осы модельдерді басқаруға және тексеруге қажетті энергия мен массалық ағындарға назар аударылатын болады. Студентке ТӨАМ әртүрлі пәндері бойынша бірнеше материал (соның ішінде бірқатар ғылыми мақалалар) беріледі. Бірнеше еркін қол жетімді ТӨАМ (мысалы, SWAP, Hydrus1) қысқаша енгізіледі. Сонымен қатар, ТӨАМ нақты қажеттіліктерін талқылау мүмкіндігі де болады.

I дәріс: ТӨАМ және жер беті моделдеріне кіріспе

Энергия-су, – радиациялық баланс

II дәріс: Топырақтың физикалық параметрлері

III дәріс: Аэродинамикалық және жер беті кедергісі, Penman-Monteith теңдеуі

IV дәріс: Модельді тексеру және қолдану

V дәріс: бірқатар SVAT-ке кіріспе

Профессор-оқытушы профилі

Дәрістер сағат 11: 00-ден 13: 00-ге дейін жүргізіледі. Өткізу орны – жарияланады.

Қатысу үшін мұнда тіркеліңіз

Тіркеу 2018 жылдың 17-мамырында аяқталады.