”Білім берудің заманауи үрдістері-2011” атты халықаралық конференциясы”

Қаз 9, 2011

Назарбаев Университетінде 2011 жылғы 17-18 қарашада «Білім берудің заманауи үрдістері -2011» атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияға қатысушылар – қазақстандық және шетел ғалымдары, зерттеушілер мен мамандар өз ойларымен, кәсіптік тәжірибесімен және инновацияларымен бөлісе алады. «Білім берудің заманауи үрдістері-2011» атты конференция туралы ақпаратты cep.conference.nu.edu.kz сілтемесі бойынша табуға болады.