Барлығы өлшенеді. Тұтынушылардың тәжірибесі де!

Қаң 20, 2020

NURIS MotiVibe сізді “Барлығы өлшенеді. Клиенттердің тәжірибесі де!” атты UniSender компаниясымен бірге ұйымдастырылған қонақ семинарға шақыаруға қуанышты.

Күні мен уақыты: 21 қаңтар, сағ. 15:00
Өткізілу орны: Назарбаев Университеті, шыны павильон (пирамида ғимараты), 2 қабат,
конференц-зал
Өткізілу тілі: орысша

Тұтынушылардың тәжірибесін өлшеу – өнім мен қызмет сапасын үздіксіз жақсартудың тамаша құралы. Осы семинарда сіз клиенттердің қандай тәжірибесін өлшеу керек екенін, есептеулерде не ескеру керектігін және осы процесстегі әдеттегі сәтсіздіктер туралы білесіз. Әрине, оған қоса UniSender клиенттерінің тәжірибесі қалай зерттелетіні де талқыланады.
UniSender – бұл Кипрде, Испанияда, Ресейде, Украинада және Белоруссияда орналасқан электрондық пошта және SMS маркетинг саласындағы ТМД-дағы №1 (Datanyze және Adindex мәліметтері бойынша) қызмет. Күн сайын 670 мыңнан астам тұтынушы UniSender қызметін пайдаланып, ондаған миллион хаттар мен хабарламалар жібереді.

Тіркелу

* Орын санының шектеулі болуына байланысты, егер сіз тіркелсеңіз, семинарға қатысуыңызды сұраймыз.
Егер сіз тіркелген болсаңыз, бірақ қатыса алмасаңыз, келесі электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: motivibe@nu.edu.kz, біз орныңызды басқа қатысушыларға ұсына аламыз.