Балаңызға Назарбаев Университетіне оқуға түсуге қалай көмектесуге болады?

Қар 26, 2020 |

arman.assetov@nu.edu.kz

Егер Сіз балаңыздың Назарбаев Университетінде білім алғанын қаласаңыз, төмендегі кеңестер оның оқуға түсуіне көмектеседі:

  1. Балаңызға оны қызықтыратын мамандық таңдауға көмектесіңіз. Балаңызбен бірге интернеттен сол мамандық туралы ақпарат қараңыз. Кәсіби бағдарлаушының көмегіне жүгініңіз. Сонымен қатар, балаңыздан оның мықты дағдыларын анықтау үшін арнайы сынақтан өтуін сұраңыз. Есіңізде болсын, мамандықтар емес, мамандар сұранысқа ие. 
  2. Назарбаев Университетіне оқуға түсу талаптары туралы ақпарат алыңыз. Ол үшін Университет сайтын қараңыз, ақпараттық сессияларымызға, дәрістерімізге және Ашық есік күндерімізге қатысыңыз. Сонымен қатар, жаңалықтарымызды әлеуметтік желілерден қадағалап отырыңыз. 
  3. Студенттерге қандай грант және жеңілдіктер бар екенін тексеріңіз. Студенттеріміздің 98% мемлекеттік грантта оқиды. Ол оқу ақысын, ай сайынғы шәкіртақыны және бастапқы медициналық сақтандыруды, сондай-ақ басқа да оқу шығындарын қамтиды.
  4. Балаңыздың емтихандарға дайындалуы үшін оған жағымды және психологиялық тұрғыдан жайлы жағдай жасаңыз.
  5. Балаңыздың емтихан/сұхбатқа дайындық деңгейін сұрастырыңыз. Емтихан/ сұхбаттасу күні оған барынша қолдау көрсетіңіз.
  6. Оқуға түсу үшін дайындықты мүмкіндігінше ерте бастаған жөн. Біз дайындықты 9-сыныптан бастауға кеңес береміз.
  7. Балаңызға оқуға түсуге қажетті құжаттарды тапсыруға көмектесіңіз.

Біздің кеңестеріміз пайдалы болады деген үміттеміз.

Оқуға түсу мәселелері бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефон: + 7 (7172) 64 25 84
Электрондық пошта: info_admissions@nu.edu.kz
Жұмыс уақыты:
дүйсенбі – жұма: 09.00 – 18.00
сенбі: 10.00 – 16.00
жексенбі – демалыс