Бакалавриат бағдарламасының талапкерлеріне хабарландыру!

Сәу 24, 2020

Құрметті бакалавриат бағдарламасының талапкерлері!

COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы себебінен халықаралық стандартталған тесттердің өткізілуі тоқтатылғандығына байланысты Назарбаев Университетінің Қабылдау комиссиясы 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс аясында келесі шешімдерді қабылдады:

1) ең төменгі өту балы бар SAT/ACT сертификаттарын тапсыруға мүмкіндігі жоқ талапкерлерге ALEKS PPL тестісін өткізу. Назарбаев Университетінің талапкерлері ALEKS PPL тестісін тек белгіленген күндері тапсыруы тиіс. Бұл ақпарат талапкерлерге нұсқаулықпен бірге жіберілетін болады. ALEKS PPL тестісі мерзімдері туралы ақпарат және нұсқаулық алу үшін Университет сайтындағы жаңалықтарды қадағалауды және электронды пошталарыңызды тексеруді сұраймыз.

2) IELTS/TOEFL тестілерін тапсыру мүмкіндігі жоқ талапкерлерден Duolingo English Test балама емтихан нәтижелерін қабылдау. Бұл емтихан нәтижелері Назарбаев Университеті Қабылдау департаментіне 2020 жылдың 31 мамырына дейін жіберілуі тиіс. Бакалавриат бағдрламасының талапкерлері үшін Duolingo English Test емтиханынан ең төменгі балл – 105. Назар аударыңыздар, нәтижелер undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Duolingo English Test туралы ақпарат:

3) IB DP санаты бойынша тапсырған талапкерлерді білім беру ұйымдарымен расталған алдын ала бағалау бойынша, ең төменгі жалпы балл 33-тен кем емес және ілгері деңгейдегі үш пән бойынша 5,5,5-тен төмен емес баллдары бойынша қарастыру.

*Ең төменгі талаптарға сай келетін IELTS / TOEFL, SAT / ACT сертификаттары бар талапкерлер келесі қадамдtestарды орындау арқылы нәтижелерді 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсыруы керек екендігін ескертеміз:

  • Тест Орталығы арқылы Назарбаев Университетіне тікелей ресми электронды нәтижелерді жіберу;
  • Егер сіз тіркеуді аяқтамаған болсаңыз, қажетті мәліметтерді көрсете отырып, жеке кабинетке сертификаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу тиіс;
  • Егер сіз тіркеуді аяқтап, бірақ сертификаттардың сканерленген көшірмелерін жеке кабинетке жүктемесеңіз, оларды undergraduate_admissions@nu.edu.kz электронды поштасына жіберу тиіс.

 

Құрметпен,

Қабылдау департаменті