Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

Там 19, 2020

Форматы: онлайн

Күні: 8-9 қазан 2020 ж.

Мақаланы тапсырудың соңғы күні: 10 қыркүйек 2020 ж.

          Назарбаев Университеті сіздерді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және адамзаттық гуманизм» атты халықаралық онлайн форумға қатысуға шақырады.

          Форум Абай шығармашылығында көтерілген барлық мәселелерге ортақ қызығушылық танытатын әртүрлі ғылыми бағыттағы (гуманитарлық, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары) ғалымдардың басын қосуға, Абайтану саласындағы тәжірибе мен зерттеу нәтижелерімен алмасуға, ақынның қазіргі замандағы шығармашылық және әдеби мұрасын талқылауға арналады.

Форумның  негізгі  бағыттары:

  1. Абай әлемі және адамзаттық гуманизм.
  2. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» немесе гуманизм концепциясы.
  3. Білімге басымдылық беру – заман талабы.
  4. «ТОЛЫҚ АДАМ» – сана модернизациясы.
  5. Заманауи жаһандық экологиялық мәселелер.
  6. Қазіргі лингвоэкологиялық мәселелердің көкейкестілігі.
  7. Гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа бағыттары.
  8. Қазақтану, тұлғатану және елдік сана.
  9. Қазақ әдебиеті пәнінің ХХІ ғасырдағы білім мазмұны мен мақсаты.
  10. Мемлекеттік тіл және (жаңа) қазақ әліпбиі.
  11. Әл-Фараби және Абай: “Толық адам” концепциясы.

Форумның бағдарламасы:

Пленарлық және секциялық мәжілістер жұмысы, Қазақ тілі оқытушылары халықаралық бірлестігінің жиналысы, форумның жабылуы, сертификаттарды табыстау.

Маңызды даталар:

– Мақала 2020 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады
– Мақала қабылданғаны туралы хабарлама 2020 жылдың 25 қыркүйегінде жіберіледі
– Халықаралық форумға онлайн тіркелу 2020 жылдың 28 қыркүйек ашылады

Форумға қатысу талаптары

Қатысушы үлгі бойынша мақаланы Word форматында келесі электрондық поштаға жібереді: forumabai175@nu.edu.kz  (форумның электронды поштасы).

Халықаралық форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдері.

Түйіндемелер жинағы алдын ала жіберіледі.

Мақалалар жинағы электрондық нұсқада жарияланатын болады.

Тіркелу  жарнасы – ТЕГІН.

Ұйымдастыру комитеті:

Назарбаев Университетінің Рухани Жаңғыру мәдени орталығы мен Қазақ тілі мен түркітану департаменті, Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі

Байланыс:

е-mail: forumabai175@nu.edu.kz         

Телефон: +7 7172705706