АҚПАРАТТЫҚ ХАТ. «Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» атты семинар

Ақп 7, 2013

Құрметті әріптестер!

2013 жылдың 5 наурызында Назарбаев Университетінде Қазақстан жоғары білім беру саласында қазақ тілін екінші тіл және шет тілі ретінде оқыту мәселелеріне арналған «Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

Ұйымдастырушылар:

• Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет кафедрасы, Назарбаев Университеті, Астана

• Тілдер орталығы, ҚМЭБИ, Алматы.

Ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі бағыттары:

1.   Қазақ тілін оқытудың когнитивті-коммуникативті негіздері;

2.   Студенттің сыни ойлау дағдысын қалыптастыру;

3.   Оқытудың инновациялық әдістері;

4.   Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану;

5.   Қазақ фильмдерімен жұмыс істеудің жаңа бағыттары;

6.   Кәсіби қазақ тілін оқытуды модельдеу;

7.   Латын графикасына көшу мәселесі.

Ғылыми-әдістемелік семинар Назарбаев университеті мен Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының жетекші мамандарының қатысуымен семинар-тренинг, шеберлік сыныптары түрінде өткізіледі. Семинар жұмысына еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары, мамандар шақырылады. Қатысушыларға сертификат беріледі. Іссапар шығыны қатысушылар тарапынан төленеді.

Семинарға қатысуға тілек білдірушілерді төмендегі қатысу парағынтолтырып, мына электронды пошта арқылы алдын ала жіберуді сұраймыз:zhanina08@mail.ru Тіркелу 2013 жылдың 22 ақпанына дейін жүргізіледі. Тіркелу парағын жібермеген қатысушыларға сертификат берілмейді.

Ғылыми-әдістемелік семинар туралы толық ақпарат Назарбаев Университетінің сайтында берілген.

Мына сілтеме арқылы Өтінімді жүктеп алуға болады 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, 8-блок, «Қазақ тілі, әдебиет және мәдениет» кафедрасы;

Кабинет: 8 219, 8208

Байланыс телефондары: 8(7172) 70-59-35; 8(7172) 70-59-37;  Факс: 8 (7172) 70-60-54

Жауаптылар: Құсайынова Мейрамгүл (mkussainova@nu.edu.kz), Байтелиева Жанар (zhbaiteliyeva@nu.edu.kz).