Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумы

Назарбаев Университетіннің Рухани Жаңғыру мәдени орталығы Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Қазақ тілі мен түркітану департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі  2020 жылдың 23-25 сәуір аралағында өтетін  қазақ  халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумына қатысуға шақырады. Форумның мақсаттары қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер философы  Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі адамзатқа ортақ көкейкесті проблемаларды көтерген ойларын әлемдік деңгейге шығару; Абай шығармашылығына оқырмандық қызығушылық ояту болып табылады.

                ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ  НЕГІЗГІ  БАҒЫТТАРЫ:

  1. Абай әлемі және адамзаттық гуманизм.
  2. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» немесе гуманизм концепциясы.
  3. Білімге басымдылық (приоритет) беру – заман талабы.
  4. «ТОЛЫҚ АДАМ» – Сана модернизациясы.
  5. Заманауи жаһандық экологиялық мәселелер.
  6. Қазіргі лингвоэкологиялық мәселелердің көкейкестілігі.
  7. Гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа бағыттары.
  8. Қазақтану, тұлғатану және елдік сана.
  9. Қазақ әдебиеті пәнінің ХХІ ғасырдағы білім мазмұны мен мақсаты.
  10. Мемлекеттік тіл және (жаңа) қазақ әліпбиі.
  11. Әл-Фараби және Абай: “Толық адам” концепциясы

Толығырақ ақпаратпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://ssh.nu.edu.kz/