4-ші акселерациялық бағдарламаға тіркеу ашылды
ABC Quick Start бағдарламасы hi-tech-тың және digital-дың барлық бағыттары бойынша жас және ірі кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдайды.
ABC Quick Start бағдарламасы қазақстандық стартап-жобаларды жедел дамыту және халықаралық нарыққа жылжыту үшін арналған.
ABC Quick Start не береді?
- гранттар мен инвестициялар алу мүмкіндігін
- білім беру тұрғысынан және менторлық қолдау
- ABC Quick Start Серіктестерінің инфрақұрылымына қолжетімділік
- инвесторлардың пулдарына қолжетімділік және оларға арналған инвестициялық ұсыныстармен презентация өткізу
- FabLab, DCLab-қа, Назарбаев Университетінің зертханаларына, Назарбаев Университетінің шетелдік серіктестермен өзара қарым-қатынас коворкингіне қолжетімділік
- ABC Quick Start-ты аяқтағаннан кейін қолдау