2021-2022 академиялық оқу жылына арналған Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды !

Қаз 26, 2020 |

arman.assetov@nu.edu.kz

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына түспей-ақ, Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазанынан бастап 2021 жылғы 19 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Назарбаев Университетінің келесі мектептері бакалавриат бағдарламаларын ұсынады:

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп Жеке кабинет ашу;
  2. өтінім нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
    • Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі;
    • Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгі бойынша оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі;
    • Ағылшын тіліндегі Уәждеме хат;
    • IELTS/TOEFL немесе/және SAT/ACT, SAT Subject (талап етілсе) сертификатының көшірмелері. Стандартты тестілеу нәтижелері (IELTS, TOEFL, SAT, ACT) тест Әкімшілігі арқылы Университетке жіберіледі;
  3. Тіркеу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды);
    Тіркеу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.
  4. “Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау;

Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді;

Келесі қадамдар:

Қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электронды поштаңыздан тексеріңіз, ал өтінішіңіздің жағдайын білу үшін жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Қабылдау департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Байланыс орталығының телефоны: + 7 (7172) 64 25 84

Электрондық пошта: info_admissions@nu.edu.kz

Қосымша ақпарат:

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Назарбаев Университетінің алғашқы Виртуалды ашық күндер күні өтті. open.nu.edu.kz сайтында НУ профессорлары мен қызметкерлерінен пайдалы видеолар таба аласыз. Видеолар 2021 жылғы наурызға дейін қолжетімді.

Назарбаев Университеті ағылшын тілі және халықаралық стандартталған тестілер  (IELTS, SAT, TOEFL, GRE) бойынша дайындық  курстарын ұсынады. Толық ақпарат осында.